Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Мейірім шуағы» қайырымдылық концерті
14-02-2017 11:07
«Мейірім шуағы» қайырымдылық концерті

2017 жылдың 13 ақпанында Кенжекөл ЖОМ-да «Мейірім шуағы» қайырымдылық концерті өтті.  Мақсаты - ауыр дертке шалынған Кенжекөл ЖОМ-ның 4-ші сынып оқушысы Альтаир Актаевқа материалдық көмек жинау. Концерт «Қазақстан - мейірімділік мекені» Республикалық балалар бастамасы, «Өзін-өзі тану - махаббат пен шығармашылық педагогикасы» өзін-өзі тану Республикалық декада аясында өтті.

Концертті ұйымдастырушы - Кенжекөл ЖОМ ұжымы, Кенжекөл ауылының әкімдігі мен білім беру мекемелерінің қолдауымен. Концертте Кенжекөл ЖОМ оқушылары, мұғалімдері, түлектері, Кенжекөл ауылының музыкалық мектебі, Павлодар облысының белгілі әншілері Нурқуат Садыгазин, «Арман сыры» дуэті, «Жеңешай» тобы.

Концерттен жиналған 262000 теңге қаражат жоғары белсенді формадағы ювенилді дерматомиозит дертімен бірнеше айлар бойы күресіп келе жатқан  Альтаир Актаевтың ата-анасына берілді. Ай сайын баланың емделуіне 450000 теңге қажет.