2017 жылғы 18 - 19 ақпан аралығында өткен Павлодар облысы әкімі Кубогының жылдам шахмат бойынша облыстық турниріне Әзірбайжан, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Украина және Казақстанның жас шахматшылары қатысты. Аталған турнирде Казақстан намысын қорғаған № 19 жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Сулейменов Алишер жалпы есепте жетінші орын иеленді.
Алишер - спорт шебері, Қазақстан жасөспірімдері олимпиадалық құрамасының мүшесі, ҚР балалар кубогының екі дүркін иегері. 2009 жылдан бастап Алишер «Шахмат үйіндегі» сабақтарға қатыса бастаған. Қысқа уақыт ішінде әртүрлі жарыстарға қатысып, өзінің қабілеттілігін көрсетті, бір жыл ішінде дәрежесін 4-разрядтан 1-разрядқа арттырды. 2010 жылы Қазақстан чемпионатында ФИДЕ шебері атағын алды, 2012 жылы спорт шеберіне кандидат болды. 2013 жылы Қытайда 16 жасқа дейінгі балалар арасындағы әлемдік шахмат олимпиадасында І орын иегері атанды, 2014 жылы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында ІІ орын, ОАР Дурбан қаласында өткен әлемдік жасөспірімдер чемпионатында І орын иеленді, 2015 жылы Грекияның Халкидики қаласында өткен әлем чемпионатында V орынға ие болды, 2016 жылы Словакияда өткен әлемдік шахмат олимпиадасында ХІ орынға ие болды.