ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық балалар шығармашылығы сайысының қортындысы
24-02-2017 03:25
Облыстық балалар шығармашылығы сайысының қортындысы

«Достық шеберханасы» облыстық балалар шығармашылығы сайысының қортындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер үш жас мөлгерінің категориясында анықталды. «Халық ойыншықтары, сәулет өнері» номинациясында I-орынды балшықтан жасаған «Без прошлого нет будущего» қолөнерлік мүсіні үшін № 21 ЖОМ оқушысы, 12 жастағы, Айсулу Шукитова иеленді, жетекшісі Оскенбаева Кульжиан Шияпқызы, бейнелеу өнері пәні мұғалімі, «Бейнелеу өнері» номинациясында III-орынға гуашпен салынған «Моя Родина Казахстан» атты суреті үшін № 21 ЖОМ оқушысы, 13 жастағы, Ангелина Ильина қол жеткізді, жетекшісі Оскенбаева Кульжиан Шияпқызы, Декоративті-қолданбалы өнер номинациясында бисерден жасалған «Дастархан мира» атты суреті үшін - Павлодар қаласы балалар техникалық мектебінің тәрбиеленушісі, 12 жастағы Альмира Жаскенова, жетекшісі Зозуля Ирина Олеговна, педагог. Облыстық сайыстың жүлдегерлеріне дипломдар, ал жүлдегерлерді дайындаған педагогтарға облыстық білім беру басқармасының алғыс хаты беріледі.

М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында өткен, «Достық шеберханасы» атты балалар шығармашылығының сайысын ұйымдастырудағы басты мақсат балалардың шығармашылығы мен қызығушылығы арқылы олардың ұлттық салт-дәстүрге деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу болды. Сайыс қатысушылары қаланың аула клубтары, студиялары, жалпы білім беру және көркемсурет мектептерінің 7 ден 16 жасқа дейінгі оқушылары болды. Облыстық балалар шығармашылығының сайысына 136 оқушы қатысты, 157 жұмыс ұсынылды: 156 жеке және 1 ұжымдық. Жас шеберлер өнер және сәндік-қолданбалы өнерде халықтық ойыншықтарды және мүсіндерді құруда, қағаздан бұйымдар жасауда өз дарындылықтарын көрсетті. Балалар өз жұмыстарында киізді, теріні, батикті, сазды, күйіктасты, қолданды, өздерінің бұйымдарын майда моншақпен әшекейледі.