ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Суреттердегі туған өлкеге деген махаббат
28-02-2017 11:00
Суреттердегі туған өлкеге деген махаббат

              Павлодар қаласы № 2 балалар көркемсурет мектебінің оқушылары  2016 жылдың қазан айында Москва қаласында өткен «Мен отанымды сүйемін» халықаралық балалар суреті байқауына көркем және графикалық тұрғыда орындалған 20 жұмыс жіберді. Акварельді кескіндеме, гуашь, пастельді графика және түрлі түсті қарындаштар сияқты әртүрлі техникада орындалған жұмыстарда табиғат әсемдігі, өзен бойындағы күннің батуы, ну орман, ұшы-қиыры жоқ  кең дала мен жазықтар бейнеленген.

             2017 жылғы ақпан айында өткен байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің 14 жастағы оқушысы Азиза Иманқұлова «Пейзаж» акварельді кескіндемесі үшін II дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі Анжела Николаевна Бамбуляк, ал 4 жастағы Мария Гегель «Алма бағы» гуашьпен орындаған кескіндеме үшін III дәрежелі дипломға иеленді, жетекшісі Наталья Васильевна Герусова. Қалған 10 оқушы сайыс қатысушыларының грамоталарымен марапатталды: «Серуен» атты гуашь кескіндемесімен 4 жастағы Нина Сигниенко және 6 жастағы Анна Попик, жетекшісі Наталья Васильевна Герусова, 11 жастағы Яна Титченко «Қалалық кеңес» акварельімен, жетекшісі Сәуле Бейбітханова Пернебаева, аралас техникада орындаған «Бату» жұмысымен 13 жастағы Қорлан Сүлейменова және гуашьпен орындаған «Пленэр» кескіндемесімен 12 жастағы Арианна Подлубная, жетекшісі Татьяна Васильевна Ахметжанова, «Жағалау» акварельді кескінедемесімен 14 жастағы Зарина Абдрахманова, сонымен қатар «Қала пейзажы» акварелімен, 14 жастағы Дима Абд «Ауылда» акварелімен орындаған кескіндемесімен, 5 жастағы Інкар Айтмұқашева «Егістікте» суретімен, 14 жастағы Юля Мельничук гуашь техникасында орындаған «Қала пейзажы» кескіндемесімен, жетекшісі Анжела Николаевна Бамбуляк.

            Байқау «Балғын суретші» журналының ақпараттық қолдауымен өткізілді. Онда 5-тен 14 жасқа дейінгі барлық ТМД елдерінің балалары қатысты.