ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Cпорттық жарыстың финалына үш команда шықты
01-03-2017 06:23
Cпорттық жарыстың финалына үш команда шықты

Павлодар қаласының № 44 сәбилер бақшасында 2017 жылдың 28 ақпанында «Көңілді мәре» қалалық конкурсының финалдық кезеңі өтті. Мақсаты - денсаулықты нығайту, бұқаралық денешынықтыру мен спортты дамыту, спортпен шұғылданатын балаларды қолдау.

Жарыс 3 кезеңнен тұрды. 25 қаңтар күні конкурстың іріктеу турына қаланың 41 балабақшасының даярлық топтарынан 246 бала қатысты. 15 ақпанда өткен жартылай финалға, іріктеу турының қорытындысы бойынша, № 122, 52, 35, 44, 42, 84, 23, 96, 85, 28, 29,104 балабақша командалары шықты. Жартылай финал қорытындысы бойынша финалдық кезеңге № 29, 35, 85 балабақшалардың командалары өтті.

Жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі І орынды № 29 балабақша командасы, II орынды № 35 балабақшаның балалары, ал ІІІ орынды № 85 балабақша командасы иеленді. «Жарыс нағыз спорт, денсаулық және күш мерекесіне айналды. Қатысушылар өздерін бір тұтас үлкен отбасындай  сезініп, сыйлықтар мен қатар тамаша көңіл күй мен сергектік алды», - деп Павлодар қаласы білім беру бөлімі секторының жетекшісі Бақыт Кайрулловна Крыкбесова атап өтті.