ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептерінің 305 мұғалімі өз білімдерін сынады
01-03-2017 08:57
Қала мектептерінің 305 мұғалімі өз білімдерін сынады

2017 жылғы 24 ақпанда Павлодар қаласы білім беру бөлімі күндізгі түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде білім беретін, мектеп мұғалімдерінің пән олимпиадасын өткізді. Мақсаты - педагогикалық еңбекті ынталандыру,  озық тәжірибені анықтау, жалпылау және тарату, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді қолдау.

         Олимпиада 12 оқу пәні бойынша 337 қоғамдық - гуманитарлық, жаратылыстану - матаматикалық бағыттары мен бастауыш сынып мұғалімдері сұраныс берді. Жалпы 305 мұғалім қатысты, олардың ішінде 119 мемлекеттік тілде, 186 орыс тілде оқытылатын мектептердің мұғалімдері.

Бұл олимпиадаға жас мұғалімдермен бірге тәжірибелері 3 жылдан - 105 мұғалім, 4 - 10 жыл - 99, 11 - 20 жыл - 77, 21 жылдан астам тәжірибелері бар - 24 мұғалім, санаты жоқ мұғалімдерден жағары санаттағы мұғалімдерге дейін болды.

Қатысушылардың арасында деңгейлік курстан өткен мұғалімдер де болды: І деңгей - 12 мұғалім, ІІ деңгей - 11 мұғалім, ІІІ деңгей - 42.

         Әділқазы алқасының мүшелері директордың оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, қала мектептерінің жоғары санатты, тәжірибелі мұғалімдері.

Олимпиада қорытындылары бойынша қоғамдық - гуманитарлық және жаратылыстану - математикалық бағыттарынан жүлделі орынды 76 мұғалім иеленді. Пәндер бойынша жүлдегерлер мен жеңімпаздардың саны 1 ден 24 мұғалімді құрады.

Командалық құрамда келесі мектептер үздік көрсеткіш көрсетті: № 20, 45, 28, 4, 37, 34, 2, 38 ЖОМ.

 Қалалық олимпиаданың жеңімпаздары 2017 жылғы наурыз айында облыстық кезеңіне 36 мұғалім қатысатын болады.