ҰБТ жаңа форматына дайындаламыз
Ұлттық Біріңғай тестілеуге дайындық негізінде Павлодар қаласы білім беру бөлімімен 2017 жылдың 28 ақпан - 1 наурыз күндері қаланың жалпы орта мектептері түлектеріне сынамалы тестілеу ұйымдастырылды. Тестілеу ҰБТ өткізу пункті С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінде өткізілді, мұнда 37 қала мектептерінен 944 оқушы қатысты.
Ақпараттық-түсіндірме жұмыстары негізінде тестілеуді өткізу жұмыстарымен таныстыру мақсатында түлектердің сынып жетекшілері, ата-аналары қатысты.
Тестілеу басталар алдында университетінің өкілдерімен кездесу өткізіліп, түлектермен кәсіптік бағдарлану жұмыстары ұйымдастырылды.