ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Анам жайлы менің ең үздік жолдарым
06-03-2017 03:21
Анам жайлы менің ең үздік жолдарым

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Сенен артық адам жоқ...», «Менің анамның портреті» тақырыптары бойынша шығармалар конкурсы өткізілді. Конкурсқа барлығы 101 оқушы өз шығармаларын жіберген. Оның ішінде қазақ тілінде -  53 шығарма, орыс тілінде - 48 шығарма.

         Шығарманы бағалау кезінде тақырыпты ашу деңгейі, жұмыстардың стильдік және пунктуациялық сауаттылығы ескерілді. Шығармалардан оқушылардың аналарына деген махаббаты, сүйіспеншілігі сезіліп тұрады. Бір оқушылар ананың құдіретін, қасиетін ақын-жазушылардың сөздерімен дәлелдеуге тырысса, енді біреулері өз махаббатын қарапайым тілмен жеткізе білген. № 16 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Лобашевская Екатеринаның шығармасы жүректі толғандырып, гран-при алу құқығына ие болды.

І орынды иеленді - Жаменкина Жұлдыз 7-сынып оқушысы № 35 ЖОМ, Грохотова Валерия 6-сынып оқушысы № 30 ЖОМ, ІІ орынды иеленді - Жунусова Лаура 9-сынып оқушысы № 7 ЖОМ, Мухамеджанова Ризагүл 7-сынып оқушысы № 12 ЖОМ, Ақпаров Алишер 7-сынып оқушысы № 37 ЖОМ, Лиханова Мария 7-сынып оқушысы № 18 ЖОМ, ІІІ орынды иеленді - Қуандық Жәнел 5-сынып оқушысы № 29 ЖОМ, Сапарбек Иманжүсіп 6-сынып оқушысы № 25 ЖОМ, Нұрғалиева Ажар 8-сынып оқушысы, Отт Лилия 10-сынып оқушысы № 21 ЖОМ, Герелевская Екатерина 6-сынып оқушысы  № 7 ЖОМ. «Шығарма жолдарын оқи отыра балалардың аналарына деген шынайы махаббат сезімдерін, жылулықтарын сезінуге болады», - деп әділқазылар алқасының мүшесі, № 7 ЖОМ орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қарлығаш Жүнісқызы Канаева атап айтты.