ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Азаматтық қорғаныс күні
06-03-2017 04:50
Азаматтық қорғаныс күні


Екінші жыл № 36 ЖОМ 1 наурыз күні атап өтілетін, Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында, сондай-ақ төтенше жағдайларда оқушылардың тәртіп дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Азаматтық қорғаныс күні» өткізіледі.

Дәстүрлі түрде «Азаматтық қорғаныс күні» «Жол жүру ережесін біл және сақта», «Өрт қауіпсіздігінің ережелері», «Біздің жергілікті су қоймалары, шомылу ережелері және қауіпсіздік шаралары. Судағы қорғанудың негізгі қолда бар құралдары», «Түрлі төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету», «Климаттық-географиялық жағдайлардың ауысуының адам ағзасына әсері», «Тұрғындарды төтенше жағдайлар салдарынан қорғау бойынша негізгі іс-шаралар», «Азаматтық қорғанысқа 85 жыл» тақырыптары бойынша тұрғындар арасында төтенше жағдайлардың алдын алу мәселесі бойынша сынып сағаттарынан басталды. Сынып сағаттардың тәжірибелік шығымы мектеп фойесінде рәсімделген суреттер, постерлер және кластерлер көрмесі болды.

Күні бойы мектеп фойесінде бірінші қабатта оқушыларға, олардың ата-аналарына және мектептің педагогикалық құрамына арналған «ТЖ болған жағдайда тұрғындардың әрекеті» әлеуметтік жобасы жұмыс істеді.

«Азаматтық қорғаныс күнінің» соңғы кезеңі өзіне келесідей бірқатар тапсырмаларды қосқан, 8-10 сынып оқушылары арасында спорттық эстафета болды: «Ұлдарға арналған спорттық эстафета» конкурсы; «Зардап шеккенді тасу» конкурсы, мұнда команда қатысушыларына зардап шеккенді зембілде «Бекетке» жеткізу қажет; «Зардап шеккенге медициналық көмек көрсету» конкурсы, мұнда «зардап шеккенге» таңғыш салу қажет; мақсаты көздеген нысанаға дәл тигізу болған «Мерген» конкурсы.

Әр кезеңде қатысушылар төтенше жағдайлар болған кездегі әрекеттердің білуін, жылдамдығын, ептілігін, әрекетті орындау дәлділігін, мергендігін көрсетті. Әр орындаушыны, оның жеңіске деген ұмтылысын атап өткіміз келеді.

Табанды күрес нәтижесінде жеңімпаздар анықталды: I орынды - 10 «А» сынып командасы, II орынды –9 «В» сынып командасы және III орынды -10 «Б» сынып командасы алды.