ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесу
07-03-2017 07:29
Педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесу

  2017 жылдың 6 наурызында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыс білім беру басқармасының басшысы Г. Ш. Қадырбаева педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесті.

 Қонақтармен кездесу барысында № 25 ЖОМ оқу-материалдық базасы таныстырылды. Өзінің сөз сөйлеуі кезінде білім беру бөлімінің басшысы ардагерлерді қала мектептерінің материалды-техникалық базамен қамтамасыз етілуі жөнінде, мектептердегі шахмат клубтарының, робототехника кабинеттерінің ашылуы туралы, жаңа стандарттар мен жаңартылған оқу мазмұндары туралы атап өтті.

  Ардагерлерге мектеп оқытушыларымен дайындалған «Көгілдір от» концерттік номерлері ұсынылып, қалалық білім беру жүйесінің дамуына қосқан еңбектері үшін алғыстарын айтты.

  Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері, педагогикалық еңбек ардагері Л. А. Алейник өз кезегінде еліміздің атаулы күндерінде ардагерлермен кездесу өткізуді дәстүрге айналдырып, кездесу кезінде өз жетістіктерімен, білімдегі жаңалықтармен бөліседі.