ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Халықаралық ғылыми жоба конкурсының қортындысы
09-03-2017 03:28
Халықаралық ғылыми жоба конкурсының қортындысы

 Ө. Жолдасбеков атындағы VIІ халықаралық конкурсы қорытындысы бойынша облыс бойынша 5 ғылыми жобаның авторлары жүлделі орындарға ие болды, оның 3-і  Павлодар қаласының оқушылары. І орын № 37 ЖОМ оқушысы Серік Мирас, ІІІ орын - № 24 ЖОМ оқушысы Исатаева Дарига, № 16 лицей-мектебінің оқушысы Сальменбаев Алгыр иеленді.

Мирас «Саяхаттың  қайнар көзі ретінде қалдырылған табиғы мәдени мұра» (Баянауыл өлкесінің мысалы негізінде)  атты жобамен аталмыш сайысқа қатысты. Осы жобаға 8 сыныптан бастап кіріскен. Ғылыми жоба 2016 жылғы қалалық және облыстық кезеңдерінде жүлделі орындарға ие болған. Мирас 2016 жылғы Облыстық интеллектуалды марафон, «Туған өлкенді тани біл» ғылыми-практикалық конференция қатысушысы, облыстық зияткерлік  сайыстарының бірнеше дүркін жеңімпазы. «World schoollar’s cup 2017» дебатының жолдама иегері. Дариға сайыста «Задача о центре масс» жобасын қорғады. Жобамен 9-сыныптан айналысуда, қалалық кезеңде І орынды, облыстық кезеңде ІІІ жүлделі орынды иеленді. 2016 жылғы қалалық олимпиадада география пәнінен ІІІ орын алды. Алгыр байқауда «Числа Стирлинга второго рода» атты жобаны қорғады. Алғыр осы тақырып ойынша екі жыл жұмыс жасады. Жұмыстың мақсаты жай сандардың бөлінуі мен Стирилинг сандарының қасиеттерін табу. Жұмыста 11 Стирлинг сандарының қасиеттері табылып дәлелделді. Жұмыс барысында дәлелделген нәтижелер бұрында сипатталмаған. Қолданған әдістер қарапайым математиканың шегінен шықпаған. Осы зерттеу комбинаторика бойынша есептің шешіміне берер маңызы зор.

Конкурс Алматы қаласында Әль-Фараби атындағы Қазақстан Ұлттық университетінде 2017 жылдың 2 - 4 наурыз аралығында өтті. Конкурстың мақсаты - математика және механика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысына қызығушылық танытқан оқушыларды анықтау. Конкурсқа Қазақстанның барлық аймақтарынан Тәжікістан, Қырғызстаннан 160 ғылыми жоба ұсынылды. Павлодар облысының командасы атынан республикалық ғылыми жоба конкурсының облыстық және қорытынды кезеңдері жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасынан 11-сыныптың 6 оқушысы шықты .