ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Лицейліктердің «Зият» олимпиадасындағы жетістіктері
10-03-2017 03:12
Лицейліктердің «Зият» олимпиадасындағы жетістіктері

Павлодар каласы № 20 лицей-мектебінің 8 - 9 сынып оқушылары қазақ тілінен ІІІ дистанционды «Зият» олимпиадасына қатысты.  Олимпиада дарынды балалардың  интеллектуалды және шығармашылық қаблеттерін жүзеге асыруға бағытталған.

Олимпиаданың 2 турының қорытындысы бойынша 14-тен 10 лицейліктер, I деңгейлі 4 диплом, II деңгейлі 3 диплом, 3 қола медаль, 2 сертификат жүлдегерлері атанды. І дәрежелі диплом иегерлері болған 8 сынып оқушылары Олжабаева Анель, Сериков Амирхан, Есимханова Наргиз, Бондоренко Данил. ІІ дәрежелі диплом алғандар Хасен Мейірман, Калина Кайнель, 9 сынып оқушылары, Буркутова  Амина, 8  сынып оқушысы. Қола медаль алғандар Калтаева Камила, Байсейтова Дамеля, Муздубаева Алтынай, 8 сынып оқушылары. «Тапсырмалар мейліңше қиын болды: бірнеше нұсқалы дұрыс жауаптардан, аудиожазбадан, логикалық сұрақтардан, шығармашылық тапсырмалардан құрастырылған», - деп атап өтті олимпиада қатысушысы Наргиз.