Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
119 ең үздік әдістемелік-дидактикалық құралдар
10-03-2017 09:21
119 ең үздік әдістемелік-дидактикалық құралдар

Қала мектептерінде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді анықтау мақсатында Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Үздік  әдістемелік-дидактикалық құралд - 2017» конкурсын өткізді. Конкурс қорытындысы 2017 жылғы 7 - 9 наурызда № 7 ЖОМ сараптама комиссия отырысында шығарылды.

Конкурсқа 39 қала мектептерінен 479 мұғалімнің 264 жұмысы ұсынылды.

2017 жылғы конкурс жаңа есімдерді ашты: тәжірибелі мұғалімдер қатарында шығармашылықпен жұмыс істейтін жас мамандар да белсенді түрде конкурсқа қатысты. Конкурсқа қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, математика, қоғамдық бағыты, география, биология, химия, физика, информатика, шетел тілі, бастауыш сынып, технология, бейнелеу өнері, музыка, дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық, өзін-өзі тану, психология, логопедия бойынша жұмыстар ұсынылды.

Конкурс материалдарының мазмұны мұғалімдердің толық потенциалды мүмкіндіктерін ашты және күнделікті тынымсыз жұмыстарын көруге мүмкіндік берді. Педагогтер зерттеулерінде өз пәндерінде тұтас әдістемелік тәсілдерді көрсете алды. Конкурсқа ұсынылған әдістемелік және дидактикалық құралдардың тақырыптары өзекті, мазмұны заман талабына сай. «Конкурстық жұмыстардың ең бастысы - мұғалімнің «мен» өзіндік іскерлігі, оқу үрдісін жақсартуда оқу үрдісінде психология мен менеджмент жетістіктерін қолдану», - деп әдістемелік кабинет меңгерушісі Ш. С. Нұрахметова атап өтті.

Заманауи педагогика мұғалімдердің шығармашылғы мен ізденісі арқылы мектептің табалдырығында тұрмай жаңашыл білім ошағына  енеді.

 Конкурстың 119 жеңімпаз арасында 15 бастауыш сынып мұғалімдері және 3 шығармашылық топ, 7 қазақ тілі мұғалімдері және 7 шығармашылық топ, 4 тарих мұғалімі және 4 шығармашылық топ, 8 - шетел тілі, 7 - дене шынықтыру, 1 - алғашқы әскери дайындық, 9 математика және 3 шығармашылық топ, 3- физика , информатика мұғалімдері, 1- сызу, 7 география және 3 шығармашылық топ, 4 биология және 4 шығармашылық топ, 9- орыс тілі, 5 - психологтер мен логопедтер және 1 шығармашылық топ, 2 - технология, 2 - өзін-өзі тану және 1 шығармашылық топ, әдістемелік жұмыс - 1, шығармашылық топ - 2, музыка пәнінен 2 шығармашылық топ, 1 - химия пәні мұғалімі. Ең көп жүлделі орындарды  № 12 ЖОМ (7), № 16 ЖОМ (6), № 7 ЖОМ (5), № 25 ЖОМ (5), №34 ЖОМ (5), № 42 ЖОМ (5), № 9 ЖОМ (4), № 11 ЖОМ (4), № 28 ЖОМ (4) мұғалімдері иеленді.