Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 170 бұйрығы негізінде және мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес грантты тағайындау үшін «Жалпы орта білім берудің ең үздік ұйымы» сайысына құжаттарды қабылдау туралы Павлодар қаласының білім беру бөлімі Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектептерінің арасында сайыстың 1 кезеңі басталғанын хабарлайды. Конкурстың қалалық кезеңіне қатысу үшін өтінімдер ағымдағы жылдың 10 сәуіріне дейін қабылданады, конкурстық материалдарды ұсыну – 2019 жылғы 20 сәуірге дейін, конкурстың қалалық туры (конкурстық материалдарды қарастыру) - 2019 жылғы 25, 26 сәуір.
ҚР БжҒМ бұйрығы, конкурстың Ережесі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің сайтында «Үздік орта білім беру ұйымы» конкурсы атты батырмада орналастырылған.
Ұйымдастырушы комитет