Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Родник» мектептік экологиялық мұражайға саяхат
14-03-2017 03:01
«Родник» мектептік экологиялық мұражайға саяхат

Тұлғаның экологиялық мәдениетін және рухани-адамгершілікті тәрбиелеу, туған өлкеге, табиғатқа деген махаббатты және құрметті арттыру, оны қорғауға көмектесуге үгіттеу, туған өлкенің және тұтастай Жердің экология мәселелері бойынша білімдерін кеңейту, табиғи ресурстарды сақтау мақсатында  Павлодар қаласының № 36 экологиялық бағыттағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебінде 2017 жылдың 27 ақпан - 10 наурыз аралығында «Родник» мектептік экологиялық мұражайында № 9, 111, 86 балабақша тәрбиеленушілеріне, № 5, 19, 29 мектептің 4 - 6 сынып оқушыларына және Облыстық кәмелет жасқа толмағандардың бейімделу орталығының тәрбиеленушілеріне, сонымен бірге  Павлодар қаласының отбасылық түріндегі балалар ауылы,  Кенжекөл ауылының отбасылық түріндегі балалар ауылы, Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне арналған саяхат өткізілді.

Саяхат барысында балалар біздің мұражайдың негізгі бағыттарымен, біздің көтерген және жұмыс жоспарымызбен  танысты. Жұмыс жоспарларымызға қамтылған мәселелер: ресурстарды  дұрыс қолдану ережелері, су, ауа, қуат көздері, көлік, қоқыс, мектеп ауласы.

Мектеп мұражайының бір стентінде оқушылар солтүстік аймақтарда ауа ластанбауға арналған арнайы орталықтары бар екендіктеріне куә болды. Павлодар қаласы  таза аймақта орналасқан. Келесі экспозицияда қаланың әр түрлі автокөліктерден ластанбауға арналған аспаптармен танысты. Сонымен бірге мұражайда оқушылар ауа температурасы мен оның ылғалдығын бақылайтын аспаптың макетін көрді. Су ресурстарын қолдану жер экологиясының өзекті мәселерінің бірі. Экскурсоводтардың мәліметі бойынша тек қана 2,5% су ресурстары ішуге арналған, егер суды тиімді қолданбасақ су жетіспей қалатын жағдай бар екендігімен де танысты. Келген қонақтарды Екібастұз көмір разрезі бар стент қызықтырды. Бұл стенттен қонақтар «қара алтынның» қалай өндірілетіндігін көрді.Мұражайдағы ерекше экспозиция қоқыс айналасындағы ұшып жүрген көбелек бейнесі. Бұл бейне  қоршаған ортаның қоқыспен ластануын білдіреді. Сонымен бірге мұражайда «Қызыл кітап» сақталған. Балалар жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер әлемімен де таныс болды.

Жануарлар мен өсімдіктер аймағы көп жылдар ішінде өзгеріп отырады. Мектеп мұражайында  облыс аймағынан табылған мамонттың сүйегі бар. Мұражайдағы ерекше орын алатын стенттер «Невада-Семей» қозғалысы, «ЭКСПО – 2017»көрмесі. Біздің мектеп мұражайы 2006 жылы ««Школа экологического действия «Шаңырақ» сертификатымен марапатталып, мектепке  «Жасыл жалау» берілді. 2015 жылдың қараша айында «Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі О. Сүлейменов «Родник»  экологиялық мұражайында болды.

«Мектептік мұражайы  рухани-адамгершілік тәрбиеде лайықты үлесін қосады, әр адам экологиялық мұраның қорғаушысы бола алады.  Біздің қоғам қандай экологиялық мәселелермен, біздің Жеріміз қазір қандай мәселелерге тап болғанын білген әр бала, жасөспірім еш уақытта қоршаған ортаға вандализм актісін жасамайды. Олар жай ғана оны бағалайтын болады», - деп  мектеп директорының орынбасары  М.С. Магомедова айтып өтті.