Павлодар қаласының № 41 ЖОМ-да облыстық білім беру басқармасы, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының салауатты өмір салтын қалыптастыратын Павлодар облысы орталығы, № 3 емханасы, облыстық наркологиялық диспансері, облыстық балалар тісханасы, Инновациялық Еуразия университеті, Павлодар мемлекеттік падагогикалық институты, облыстық «Айбын» үйлестіру ардагерлер кеңесі, ТЖ жөніндегі департамент өкілдерінің қатысуымен «Денсаулықсақтау үрдісінің менеджменті» тақырыбына облыстық семинар өтті. Семинарға облыстағы 150-ден астам тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары мен салауатты өмір салты жетекшілеріқатысты.
Семинарда, заманауи жағдайдағы білім алушылардың денсаулығын белсенді дамыту мен қалпына келтіру бойынша мамандардың тәжірибе алмасуы орын алды, білім беру мен денсаулықсақтау ведомствоаралық қарым-қатынас жайлы ақпарат ұсынылды. «Балаларға арналған ойыншықтар мен дамытушылық ойындардың дұрыс таңдауы» атты дөңгелек үстел өткізілді. «Су мен су жағалауындағы қауіпсіздік» атты тәжірибелі сабақ, «Әкем. Анам. Мен - әскери отбасымыз» атты әскери-спорттық іс-шара, «Шірген тістердің патшалығында» атты тренинг, «Шынықсан - шымыр боласын» атты спорттық ойындары ұйым өкілдерінің, № 41 ЖОМ ата-аналары және оқушылардың қатысуымен өтті. Қатысушыларға СӨС бойынша жадынамалар таратылды, «Біз СӨС таңдаймыз» атты насихаттау тобының өнері тамашаланды.