Павлодар қаласы білім беру бөлімі Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығында «Менің өлкем» жобасын жүзеге асыру 2017 жылдың ақпанынан наурызына дейін созылды. Жоба қатысушылары зерттеу-өлкетану, ізденіс, «Жас саяхатшы» жұмысымен айналысты.Жоба мақсаты-туған үйі, достары,ата-анасы тұратын,балалық шағы өткен туған жері, кішкентай отанына, Отанға деген сүйіспеншілігі, азаматтық абыройы,ұлттық мақтаныш сезімін игерген, құқықтық демократиялық мемлекеттің азаматын Қазақстан патриотын тәрбиелеу - деп белгілейді орталық ұстазы Жолдаспаева Арай Құрманғалиқызы.
10 - 12 оқушыдан тұратын қала мектептерінің 218 оқушы құрамында 15 команданың жоба қатысушылары бірінші турдың визит карточкасында өзінің кішкентай туған жерін ұсынды-кішкентай ауыл,қала көшесін және әткеншегімен жайлы аула, құм және ағашсырғанағы. Осы кезден ең шығармашылық, креативтік команда барлық жоба бойы зерттеу-өлкетану,ізденіс, шығармашылық жұмыспен айналысты. Облыстық мұражай мамандарынан әділқазылар мүшелері 15 номинациядан 15 саяхат тыңдады және көрді: қала бойынша саяхат шолу, тақырыптық саяхат, менің мектебімнің тарихы. «Павлодар бойынша саяхат» саяхатшы Андриенко Ярослав (ЖОМ № 1), «Менің мектебімнің тарихы» - Зайцева Раиса (ЖОМ № 36), «Менің туған қаламның тарихы» - Дюдина Лидия (ЖОМ № 9) жоғарғы бағаға ие болды. «Ұлы дала - менің туған өлкем» музыкалық композиция байқауының шарты бойынша шығармашылық орындау - тембр сұлулығы, стильді түсіну, әртістілігі, микрофонды пайдалана алуы, сахнада өзін ұстау мәдениеті, сахналық костюм, тақырыпқа және орындаушының жасына репертуар сәйкестігі. Жоба музыкалық нөмір, саяхат ең жақсы визитка ұсынған гала-концертпен аяқталды. Салтанатты жағдайда жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыс қорытындысы жасалды. № 15, 7, 33, 6 ЖОМ ең жақсы саяхатшыларына грамоталар және естелік сыйлықтар тапсырылды. «Ұлы дала - менің туған өлкем» музыкалық байқауының ең жақсы қатысушылары № 1, 37, 19 ЖОМ. «Менің өлкем» жобасының белсенді қатысушылары Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығының грамоталарымен № 19 «Кереку ұландары», № 41 «Жас ұрпақ», № 20 мектеп лицейдің «Сұңқар» командалары марапатталды. I, II, III орынның грамоталары мен сыйлықтарына № 9 (1), «Жауынгерлер» № 37 (2), «Жастолқын» № 29 ЖОМ (3) көшбасшы-командалары ие болды. «Менің өлкем» жобасының гран-при иегері № 1 ЖОМ «Патриот» командасы. Командаға грамота, кубок және сыйлық тапсырылды.