ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Көктем лебізі
31-03-2017 10:22
Көктем лебізі

2017 жылғы 30 наурызда Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 музыка мектебінің оқушылары М.Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайында «Көктем лебізі» әдеби-музыкалық кеште өнер көрсетті. Кешке «Самал» оңалту орталығындағы мүгедек балалар, № 9 мектеп-гимназия оқушылары, оқушылар сарайының әдеби студиясының жас ақындары қатысты, жетекшісі М.В. Юрченко.

Музыка мектебінің оқушысы Фаиль Сибагатуллин В. Семенютаның «Веселые каникулы» пьесасын орындады. Ислам Абдрахманов О.Копенковтың «Con amore» туындысын шырқады. Диас Шамуратов және Владислав Степанов заманауи гитара ойыншыларының «Карнавал» және «Кішкентай Ковбой» жарқын пьессаларын орындап, барлық тыңдаушыларды қуат әсерімен толтырды. Классикалық гитара әуені барлық қатысушыларды баурап алды.

Музыка мектебінің орыс халық аспаптар бөлімінің жетекшісі Иван Вячеславович Кузякин «Мереке жылылық пен шыанайы өтті. Тараған кезде осындай мұңды әрі суық күндері қоршағандармен бөлісу үшін әрбіреуі өз жүрегінде жылулық пен жарықтықтың бөлшегін алды. Қонақтар алдында Павел Васильев атындағы әдеби бірлестіктің павлодарлық ақындары Елена Вайберт, Евгения Юдинцева және Марина Юрченко өз өлеңдерін оқыды. «Самал» оңалту орталығының екі дарынды тәрбиеленушісі Екатерина Семенистая мен Әлия Асанованың өнер көрсетуі ешкімді де бейжай қалдырмады»,  -  деп атап өтті.