Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Білім мазмұнын жаңарту апробациясының кейбір нәтижелері туралы
31-03-2017 12:08
Білім мазмұнын жаңарту апробациясының кейбір нәтижелері туралы

Павлодар қаласының № 39 инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары бар ЖОМ-де білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы апробациясының екінші жылы аяқталғалы жатыр.

Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілдері бойынша жаңа бағдарлама оқушыларға үш тілде негізгі кілтті ұғымдарды тең дәрежеде түсінуге мүмкіндік береді. Біздің екінші экспериментті сынып оқушыларымыз өздерінің сөз қорын сенімді қолдана алады.

«Жаратылыстану» пәнін жүргізу сабақта қызметтік тәсілді ұйымдастыруды талап етеді. Оқушылар қоршаған әлемді өздігінен танып біледі, өз тәжірибелерінде үйренеді, физика, химия, биология және географияны тануға бірінші қадам жасайды.

Оқушылар математика сабағында күнделікті өмірде қолданатын тұрмыстық құралдарды салыстырып, анықтап, ой түйегінен өткізе отырып картон мен қағаздан ғимараттың нысаны мен үлгісін сүйсініп құрастырады. Триггерлер, флип диаграммалармен жұмыс істейді, интерактивті құрал-жабдықтар мүмкіндіктерін пайдаланады.

«Дүниетану» пәні қоғамдық, мәдениет, табиғат процестерін түсіну мен зерттеуге бағытталған. Бұл - жоғары сыныпта тарих, география және  қоғамтануды оқуда дайындық болып табылады.

«Сауаттылыққа үйрету» пәні бойынша оқу бағдарламасы көбінесе коммуникативтік дағдылар мен шығармашылықты дамытуға бағытталған. Балалар өлең жазады, жарнама құрастырады, визитка дайындайды, балалар кітаптарын шығарады.  

Эксперименттік тәжірибеде оқу нәтижелерін бағалауға жаңа жүйе атап айтқанда критериалды бағалауды енгізілді.  Зерттеулер мұндай жүйе үздік нәтижеге қол жеткізуде мотивациясын арттырды, оқушылар арасында мазасыздану деңгейін төмендетуге көмектесетінін көрсетті. Енді ата-аналар қалыптастырушы және жиынтық бағалау бойынша айырмашылықты біліп қана қоймай түсініне де алады.

Мұғалім үшін жаңа: портфельді басқару, әрбір оқушы үшін оқу жетістіктері туралы ата-аналарға есептерді дайындау, технологиялық карталарды мен басқаларды толтыру.

«Осы тұрғыдан алғанда, әр мұғалім жаңа идеяларды түсінуді қамтуы қажет, жаңа тәсілдер арасындағы іргелі айырмашылықтар ұғыну керек, жинақталған тәжірибенің маңыздылығын, сонымен қатар «Бүкіл өмірге жақсы білім беру» концепциясынан «Өмір бойы білім беру» концепциясына  көшу керектігін түсіну», - дейді мектеп директоры Булгакова Елена Ивановна.