ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Дарынды балаларға - талантты ұстаз
03-04-2017 03:45
Дарынды балаларға - талантты ұстаз

Республикалық педагогикалық олимпиаданың облыстық кезең қорытындылары бойынша 24 жүлдегер анықталып, Білім беру басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.  Олимпиадаға 55 жас педагог қатысты.

Олимпиада қорытындысы 4 бағыт бойынша шығарылды: лингвистикалық, гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық,  психологиялық-педагогикалық. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арасында Павлодар қаласы жалпыорта мектептерінің 10 педагогы бар.

Психологиялық-педагогикалық бағыт бойынша № 40 ЖОМ логопеды Матай Кымбат Галлямқызы І орын, ІІ орынды № 9 ЖОМ музыка мұғалімі Анастасия Сергеевна Шевелева және № 16 ЖОМ психологы Екатерина Александровна Щербинина иегер атанды.

         Гуманитарлық бағыт бойынша ІІ орынды № 34 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Дарья Николаевна Разумейко, ІІІ орынды № 9 ЖОМ тарих мұғалімі Дауржан Қайыргелдіұлы Күлжанов, № 21 ЖОМ тарих мұғалімі Максим Иванович Шишлов, № 39 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Айсәуле Гайдаровна Байменова иеленді.

         Лингвистикалық бағыт бойынша ІІ орынды № 25 ЖОМ қазақ тілі мұғалімі Алтынгүл Арманқызы Исполова, ІІІ орынды № 22 ЖОМ ағылшын тілі мұғалімі Қызғалдақ Талғатқызы Тлен, № 25 ЖОМ қазақ тілі мұғалімі Елдана Бахытқызы Асанбаева иеленді.

         Облыстық кезеңнің жеңімпаздары Павлодар облысы атынан 2017 жылғы мамыр айында Алматы қаласындағы республикалық кезеңге қатысады.

Олимпиада 2017 жылғы 31 наурызда Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінде өтті. Қазылар алқасының құрамында ЖОО жетекші ғалымдары, Инновациялық орталық әдіскерлері, облыстың озық ұстаздары жұмыс істеді.