Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп директорларының кеңесі
03-04-2017 09:42
Мектеп директорларының кеңесі

2017 жылдың  31 наурызында  № 41 ЖОМ  Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектептері директорларының кеңесі өтті. Кеңес барысында білім беру процессінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану, ЭОЖ, «Күнделік», «BilimLаnd» жүйелерін пайдалану, білім беру мекемелерінде кәмелетке толмағандар арасында жанкештіктің алдын алу бойынша жұмысының жағдайы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша сұрақтар қарастырылды.  

Басшылыққа жалпыға міндетті оқу айлығының қортындылары, оқушыларды мектептен тыс және қосымша біліммен қамтуды қамтамасыз ету туралы талдама материалдары ұсынылды.  Білім бөлімі басшысы Г.Ш. Қадырбаева информатика кабинеттерінің компьютерлермен, спорттық құрылғылармен қамтамасыз етілуіне, қаржыны игеруіне, Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесіне қатысуына, Балаларды қорғау күніне арналған балалар және жас музыкалық ансамбльдері шеруіне дайындық жұмыстарына көңіл аударды.

Кеңес қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.