ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мәскеудегі Халықаралық ғылыми конференция қорытындысы
04-04-2017 03:16
Мәскеудегі Халықаралық ғылыми конференция қорытындысы

М. Катаев атындағы оқушылар сарайы «Антарес» астрономиялық клубының тәрбиеленушілері, Павлодар қаласы мамандандырылған және жалпы орта мектептерінің төрт оқушысы Мәскеу қаласындағы «Гагарин оқулары» атты Халықаралық жастар ғылыми конференциясының Қазақстаннан жалғыз өкілдері болды. Ресей, Украинадан көптеген қатысушылар қатысты

Конференцияда № 3 дарынды балаларға арналған гимназия оқушысы Айжан Тусупаева және № 43 мектептің оқушысы Алексей Беличенко «Аэростатная ступень для запуска ракет» атты жұмысын баяндады. № 40 ЖОМ оқушысы Яков Теребецкий«Марсоход.кз» атты жылжымалы ғарыш аппараты - өз туындысы жөнінде айтып берді. Облыстық көпсалалы  дарынды балаларға арналған лицей-интернатында оқитын жас астрономшы Қобланды Еренғайып «Тенгри» ғылыми-зерттеу полигоны жайлы жұмысын ұсынды. Барлық оқушылар I-ші орынды иеленіп, конференция лауреаттары атанды. Ұйымдастырушы комитет павлодарлық оқушыларды жоғары бағалап, болашақта Мәскеу авиация институтының студенттері атануға, ғылыми жобалармен айналысуға ұсыныс білдірді. Жас астрономшыларға Мәскеу қаласының қызықты жерлерімен танысуға мүмкіндік туды. Олар «Жұлдызды қалашық» атымен танымал ғарышкерлерді дайындау орталығына экскурссияға барды.

Бұл жылғы конференция 43-ші рет өткізіліп, әйгілі конструктор В. П. Мишиннің 100-жылдық мерейтойына орай ұштастырылған еді. Жас ғалымдарға «Гагарин оқулары» инновациялық аэрокосметикалық технологиялар саласында пікір алмастыратын алаң болыптабылады. Көптеген табысты жас ғалымдар, конструкторлар, инженерлер, ұшқыштар мен ғарышкерлерге бұл ғылыми конференциядан өтіп, болашақ мамандықтарына керемет септігін тигізді. Гагарин оқулары ең алғаш рет 1974 жылы Ғарышкерлер күні қарсаңында Мәскеу авиация институтында көктем мезгілінде өткен болатын, мұндай студенттік іс-шаралар ғылыми конференциялар өткізудің дәстүріне айналды.