Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп директоры орынбасарларының қалалық семинары
04-04-2017 05:03
Мектеп директоры орынбасарларының қалалық семинары

2017 жылы 31 наурызда Павлодар қаласы білім беру бөлімі Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығы негізінде  «Антикоррупционное воспитание - важный компонент образовательного процесса» семинар-тренинг өтті. Семинарға Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттік қызмет ісі Агент Департаменті сыбайлас жемқорлыққа   қарсы  және алдын-алу бойынша басқарма  басшысы Балғожин Ардақ Ануарбекұлы, Павлодар қаласы ІІБ, №1 поликлиниканың тәжірибелі психологы Оспанова Карлығаш Баянқызы, жалпы білім беру мектептерінің оқу-тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасарлары  қатысты.

Семинар жұмысы теориялық  және  практикалық  блоктан тұрды. Теориялық  блокта  Балғожин Ардақ Ануарбекұлы балалармен тәрбиелік жұмыста және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг,сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  алты басты бағыт бойынша анық түсіндірді. № 36 мектепте осы жұмыстың жаңашылдығы туралы айтты,мектептегі тәрбие жұмысында шаралардың жаңа түрлерін қолдануға  кепілдеме берді.

Осы мәселе бойынша қалалық ювеналдық полиция жұмысы туралы учаскелік инспектор Сатиева Әсемгүл Сағидоллақызы ақпарат берді. Практикалық алаңда тәрбие жұмысы бойынша  ЖОМ № 9, № 22 директор орынбасарлары Тлеуғабылова Назгүл Ермекқызы және Ақбанова Айжан Хабиболлақызы мектептегі ата-аналар қоғамы үшін оқу және ақпараттық сипаттағы шараларға балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен «Адалұрпақ» клубында сыбайлас жемқорлыққа  қарсы секциялық  шараларын өткізу және ұйымдастыру  бойынша тәжірибемен  бөлісті. Семинар жұмысы № 1 поликлиниканың тәжірибелі психологы  Оспанова Карлығаш Баянқызымен өткізілген «Күйзелу тұрақтылығының алдын-алу»  Джекобсон әдістемесі бойынша шеберлік-сағатпен жалғасты.

Семаинар қорытындысы  бойынша қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  алдын-алу шараларын ұйымдастыру және дайындау бойынша үлестірме материал, кепілдеме берілді.