ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Табысты жас домбырашы
04-04-2017 09:12
Табысты жас домбырашы

Кенжекөл ауылының Балалар музыка мектебінің оқушысы Рахимов Ислам, көктемгі демалыс күндерінде «Ақ көгершін» ХІ Халықаралық фестиваль-байқауына қатысты. Байқау қорытындысы бойынша ол «Халық аспаптары» номинацияда домбыра аспабынан ІІІ орынға ие болды. Оның орындауында Қыздарбек күйі «Сылқым қыз», орыс халық әні «Коробейники» байқауда орындалынды. Биылғы оқу жылында екінші рет Ислам үшін байқауға қатысуы нәтижелі өтті. 2016 жылдың қазан айында ол Алматы қаласында «Аспаптар музыкасы» номинациясында гран-при иегері атанды. Сол кезе Тоқа «Сән қос басар», Құрманғазы «Адай» күйлерін орындады. Педагогі Капиза Сагадатовна Сәдуақасова.

Байқау «ЭКСПО - 2017» көрмесі аясында 2017 жылғы 25 - 28 наурыз айында Астана қаласы Әкімдігінің, Астана қаласы қалалық Білім басқармасының, «Жастар» сарайының, М. Өтемісов атындағы қалалық Оқушылар сарайының және Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің демеуімен өткізілді. Байқауға 800 байқаушылар келесі номинациялар бойынша қатысты: «Вокал», «Халықтық орындау», «Аспапта орындау», «Халық әнін орындау», «Дәстүрлі ән», «Хореография», «Балалар сәні», «Өзіндік жанр», «Көркем оқу», оның ішінде

80 домбырашылар қатысты, қатысушылардың жасы 4-тен 17 жасқа дейін. «Орындау техникасы», «Музыкалық қабілеті», «Әртістігі», «Сахналық мәдениеті» бойынша тәуелсіз қазылар алқасы бағалады, оныңқұрамында Республиканың еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, Қазақстанның еңүздік, кәсіпқой ұстаздары.