ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақстандағы Германия Елшісі Рольф Мафаэльдің оқушылармен сұхбаты
04-04-2017 10:42
Қазақстандағы Германия Елшісі Рольф Мафаэльдің оқушылармен сұхбаты

2017 жылдың 3 сәуір күні Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығы аясында, Павлодар қаласының № 36 экологиялық бағыттағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебіне Германия Федеративтік Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рольф Мафаэль, сондай-ақ Алматы қаласындағы DAAD ақпараттық орталық (Германияның академиялық алмасу қызметі) басшысы Бартоломеус Минковски барды.

Сапар аясында мекеме бойынша таныстыру экскурсиясы өтті. Қонақтарға шағын орталық, экологиялық мұражай жұмыстары ұсынылды. Содан кейін, делегация Тұңғыш Президент, тарих, робототехника, информатика, химия, неміс тілі кабинеттеріне барды. Сапар барысында қонақтар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие - білім беру процесінің маңызды бөлшегі» тақырыбы бойынша «Адал Ұрпақ» мектептік еріктілер клубының отырысында, «Экологиялық жүйенің өздігінен дамуы» тақырыбы бойынша 9 сыныбында «Экология» үйірмесінің сабағында, «Белая ладья» шахмат үйірмесінің сабағында, сондай-ақ Инновациялық Еуразия университетінің химиялық және биологиялық технология департаментінің профессоры Любовь Степановна Комардина өткізген, «Оқытудың жаңа әдістері. Кейс әдістері (оқу жағдайларында)» тақырыбы бойынша жаратылыс-математикалық бағыттағы мұғалімдерге арналған оқыту семинарында болып қайтуға мүмкіндері болды. Тұңғыш Президент кабинетінде кездесу аясында неміс тілін үйренудің, «ЭКСПО - 2017» өзекті мәселелері бойынша мектеп оқушылары мен мұғалімдері және қонақтар арасында диалог алаңы өтті. Неміс тілі мұғалімі Қ. Қ. Демеуова экологиялық жобаларды, соның ішінде «Солнечная крыша» жобасын таныстырды. Диалог алаңы аяқталғаннан кейін мектеп директоры Зауреш Дауленовна Ахмадова қонақтарға естелік сыйлықтарын табыстады.