ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақ тілін оқытуда тиімді әдістер туралы
05-04-2017 05:40
Қазақ тілін оқытуда тиімді әдістер туралы

Екі күндік «Қазақ тілі екінші тіл ретінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы республикалық семинарға Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларынан, Успен, Баянауыл ауданының жалпы орта білім беретін мектептің Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Семинар Павлодар қаласының № 24 ЖОМ білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың Инновациялық орталығының ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы қоғамдық-гуманитарлық білім зертханасының аға ғылыми қызметкері Мейрамгүл Кенжеғалиқызы Жакишева басшылығымен семинар барысында қазақ тілін орыс мектептерінде оқытудың тиімді әдістері жан-жақты талқыланып, қазақ тілді емес мектептердің 1 - 11 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінің деңгейлік оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің түрлі тәсілдер қарастырылды. Қатысушылар 5 - 9, 10 - 11 сыныптарға арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінің жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері мен қазақ тілі сабағында орындалатын бақылау жұмысының түрлерімен, жаңартылған білім беру мазмұны мен қазақ тілі екінші тіл ретінде әдістерімен танысты. Семинар соңында үлестірмелі материалдар таратылып, барлық мұғалімдерге Ұлттық білім академиясының сертификаттары табыс етілді.