Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мұғалімдердің кәсіби деңгейінің өсуі
05-04-2017 09:05
Мұғалімдердің кәсіби деңгейінің өсуі

№ 24 ЖОМ кезекті іс-әрекетті ұйымдастыру ойындары өткізілді. Бұл іс-шараға 32 қала мектептерінен 381 педагог, оның ішінде 91 мемлекеттік тілде оқытатын мектептердің ұстаздары қатысты.

Кезекті отырыста 22 ойын алаңы бойынша қатысушылардың жұмыстары ұйымдастырылды: барлық пән бойынша құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды құрастыру,  критериалды бағалау,  деңгейлі бағдарлама бойынша технологияларды меңгеру мен апробациядан өту курстарынан өткен мұғалімдер үшін:  ДОТ, Step by step, СТО, жобалау, модульдық, RWST, жеке тұлғаға бағытталған, толық меңгеру,  педагогикалық шеберхана, АКТ.

Мектеп модераторлары болып Л. П. Косова, Р. Е. Калиева (№41 ЖОМ), В. В Фольц, Е. Н. Гайкова, Е. С. Никитина, А. С. Байжуманова,  Ж. А. Муталипова, Н. К. Антошина,  Е. В.Загравская (№ 34 ЖОМ), И. Н. Садовая, Е. Н. Потарская, А. К. Долголевец (№ 43 ЖОМ),  А. З. Ныгманова (№ 22 ЖОМ),  Е. А. Майлакова,  Е. Ю. Ендураева, Л. Д. Болихевская, И. А. Захарова (№ 39 ЖОМ), Г. О. Омарова (№ 15 ЖОМ), А. Ш. Казимова, К. Байшукир, К. С. Смагулова, С. А. Журавлева, М. В. Базаводова (№ 24 ЖОМ), Р. А. Искакова (№ 30 ЖОМ), Ж. М. Муслимова, Б. Р. Есен (№ 25 ЖОМ), Л. Ж.  Аскарова (№ 13 ЖОМ), У. К. Туктыбаева, С. Б.Тулебаева, Ю. А.   Безрукова (№ 42 ЖОМ), Г. Х. Мурадымова (№ 17 ЖОМ) жаттықтырушылары сөз сөйледі.

«Әдістемелік кабинетінің мектеп мұғалімдерімен атқарылатын іскерлік бағыттарының бірі - орнықты кәсіптік біліммен инновациялық ойлау және тәжірибе-бағдарлық,  ізденушілік тәсіл арқылы нақты білім беру мәселелерін шешу болып табылады» - деп, Павлодар қаласының әдістемелік кабинет меңгерушісі Ш. С. Нұрахметова атап өтті.               

Әр мектептің оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу бойынша жаттықтырушыларды дайындау үшін 3 жылдық іс-әрекет ұйымдастыру ойындары қарастырады. Теориялық материалды оқып білетін қатысушылар, тәжірибеде осы 12 технологияны іске асырып, демалыс кезінде меңгереді, мектеп қауымдастығында апробациялап, жинаған мектеп материалдарының сараптамасына қатысады.

Бүгінгі таңда қала мектептерінің мұғалімдері 78% оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды белсенді енгізуде. Оқыту үрдісінің жобалау және бұл жобаны әрі қарай іске асыру, технология деңгейіне өту мұғалімге кәсіпқой болуға, жеке тұлғасын дамытып, бағдарламаның авторы, яғни мұғалімнің шығармашылығының дамуына жаңа белестер ашылады. Жоғары белсенділік пен өзінің еңбегінің нәтижесі қызықтыратыны байқалады. Мектепте мұғалімнің инновациялық істерге дайын болуы, жеке дамуының қызығушылығы, кәсіптік құзыреттілікті шыңдайтын жаңа формаларын іздеу туралы мұғалімдердің пікірі іс-әрекетті ұйымдастыру ойындарының құндылығын көрсетеді.

Өзінің педагогикалық тәжірибесін жалпылау үшін өздігінен білім алу тақырыбы бойынша тәжірибе жинақталып, авторлық бағдарламаларды, жобаларды жазып, қорғауға ұсынылады.

Мектеп жаттықтырушы қорытындысы ретінде жыл сайын сынақ жүйесі ұйымдастырылып, соның нәтижесінде тамыз педагогикалық оқуларда жаттықтырушыларға сертификаттар табысталады. Қалалық жаттықтырушы мәртебесіне - 16, мектепішілік - 5 педагог қорғауға ұсынды.