ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тоғыз жасар Айшаның бас жүлдесі
05-04-2017 10:16
Тоғыз жасар Айшаның бас жүлдесі

Кенжекөл ауылының музыка мектебінің қобыз класы бойынша 1-сыныптың 2 оқушысы тұңғыш рет республикалық «Рауан» фестиваль-байқауында «Инструментальды музыка» аталымында кіші топта қатысты. Кенжекөл ЖОМ 3-сынып оқушысы Акказина Айша бас жүлдеге ие болды. Тайкенова Сания, 4-сынып оқушысы және № 7 жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Адамбаева Сабина 1 орынды иеленді. Айша 7 жасынан музыкалық мектептің қобыз класында оқиды. Ән (вокал), би үйірмелеріне қатысады. Жас мөлшері бойынша ең кішкентай сайыскердің бірі. Айша Ақан Серінің «Балқадиша» және Н. Бакланованың «Хоровод» шығармаларын жоғары дәрежеде орындап, тамаша өнер көрсетті.

                   Оқушылардың жетекшісі Жұмашова Үмітгүл Қойшыбайқызы. Үмітгүл Қойшыбайқызы бірнеше облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған, тәжірибелі ұстаз, 2008 жылдан бері Кенжекөл музыка мектебінде қобыз сыныбынан сабақ береді.

Республикалық Күншуақ жобасы негізіндегі «Рауан» байқауы2017 жылғы 30 наурыз - 1 сәуір аралығында дарынды балалар арасында Алматы қаласында өтті. Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 350-ге жуық оқушы қатысты (оның ішінде 100 сайыскер қобыз және домбырадан). Байқауға кіші, орта және жоғары топ өкілдерінен (жасы 9 18) қатысушылар хореография, вокал, аспаптық музыка аталымдарында өнер көрсетті. Әділ-қазы мүшелері Алматы Мемлекеттік консерваториясының, дарынды балаларға арналған К. Байсеитова атындағы мектеп-интернатының оқытушылары болды.