Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
1 - 4 сынып оқушыларының ғылыми жобалар және шығармашылық жұмыстары
06-04-2017 04:51
1 - 4 сынып оқушыларының ғылыми жобалар және шығармашылық жұмыстары

 

Қалалық білім беру бөлімі  2017 жылғы 31 наурыз күні  № 16 мектеп-лицейдің базасында бастауыш мектеп оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларды қорғау бойынша XIII қалалық байқауын өткізді. Байқауға 1-сыныптардан - 4 оқушы, 2-сыныптардан - 39 оқушы, 3-сыныптардан - 19 оқушы, 4-сыныптардан - 34 оқушы қатысты. 39 қала мектептерінен қабылданған 192 тапсырыс ішінен 96 ғылыми жоба және шығармашылық жұмыстар қорғауға жіберілді.

Ғылыми жобалар және шығармашылық жұмыстар қорғауы 14 бағытта өтті: «Экология және СӨС», «Тіл білімі», «Математика, физика», «Әлемдегі барлық нәрсеу туралы», «Қызық әлемде», «Өз қолымен», «Шеберлер әлемі», «Денсаулықтың құпиялары», «Өлкетану және тарих», «Жануарлар және өсімдіктер», «Ғажайып калейдоскоп», «Шеберлі қол», «Мектеп өрнегі», «Кемпірқосақ жаңалықтары».

Қатысушылардың зерттеу нысаны табиғат, ғылым, мәдениет әлемі болып табылды. Жобаларды қорғау барысында оқушылар баяндаудан бастап зерттеу тәжірибесін өткізуге дейін барды. Жоба тақырыптары былтырғы жылға қарағанда, түпкілікті өзгергені байқалды. Жұмыстардың көбінің тақырыптары ата-баба мұрасы, шежіре сияқты  отбасылық салт-дәстүрді зерттеуге бағытталған. Отбасылық архивтерді де оқушылар пайдаланған. Зерттеу жұмыстарында отбасылық тектердің қайдан шығуы, елімізде отбасы мүшелерінің әулеттің еңбек жолдарын жалғастырулары, тіпті өз әкесімен қалай достасуға болатындығы жөнінде мәселелер көтерілген. Сонымен қатар, балалар «Тотықұс-әнші құс», «Үй жағдайында шиншилді өсіру», «Жаңбыр құрттарының топырақты құнарлануына тигізетін пайдасы», «Бал-ең жақсы дәрі-дәрмек», «Лимон-цитрустылардың патшасы» сияқты өзекті тақырыптарға бет бұрып, берілген сұрақтарға өз беттерімен жауап іздеген екен.Тәжірибе жүргізу арқасында олар тотықұстың классикалық музыканы жақсы көретінін, лимонды дақ кетіруге пайдалануға болатындығын, адам ағзасына пайдалы заттардың құрамы балда болатындығы, жаңбыр құрттарысыз жердің құнарлылығы төмен екендігін, оның пайдасының көптігі сонша-жаңбыр құрттары құнарландырған жерде неше түрлі өсімдіктер өсіруге болатынын дәлелдеді. Ғылыми мерекеге кішкентай талантты шеберлер де келді. Олар қатаң қазылар алқасына өздерінің шығармашылық жұмыстарын көрсетті: декоративтік балауыздар, ойыншық-кітаптар, балауыз қойылатын фужерлер, қағаздан жасалған жұп аққулар, бисерден тоқылған қартиналар, кәмпиттің қағаздарынан неше түрлі бұйымдар. Әлі де кішкентай жаста болғанына қарамастан балалар қала архитектурасы және «Қаздардың ұшып келуі» атты  тарихи комплексті сақтау бойынша мәселелер көтерді, сонымен қатар өздері жасаған макет бойынша Ертіс жағалауында саябақ салуға ұсынды. № 31 ЖОМ оқушысының «Ленинский» кентінің сумен қамтамасыз ету» жобасы да өте маңызды болды. Жобалар авторлары идеялары өмірде іске асырылса деп армандайтынын жасырмайды. Зерттеу жобаларын ұсынуы да, баяндау ерекшеліктері де қызықты болды.  Кішкентай ғалымдарға арналған  бұл мерекеде барлығы- балалардың өздері де, олардың ата-аналары мен мұғалімдері де, әділқазылар алқасы да ерекше көңілді эмоцияны бастан кешірді. Жеңілгендер болған жоқ. Барлық жұмыстар марапатқа ие болды. Кейбіреулер келесі жылы жұмыстарын жалғыстыратын болса, ал кейбіреулер жаңа тақырып алатын болып тарқасты. Бұл жеткіншектердің арасында бүкіл әлемге танымал ғалымдардың болатыны сөзсіз.

Байқау нәтижесі бойынша І орынға келесі мектептерден 15 оқушы ие болды: № 2 (2), 5 (1), 11 (1), 16 (4), 19 (1), 21 (1), 28 (1), 33 (1), 36 (1), 39 (1), УВК-42 (1), ІІ орынға келесі мектептерден 27 оқушы: № 2 (1), 9 (3), 16 (1), 17(1), 19 (1), 21 (4), 26(1), 29 (2),  34 (1), 36 (2),  37 (1),  39 (4), 41 (2), 42 (1), 43(1), ІІІ орынға келесі мектептерден 29 оқушы: №2 (1), 7 (1), 9 (3), 13 (3), 14(1), 17(1), 21 (3), 22 (1), 24 (1), 26 (1), 29 (1), 31 (1), 34 (3), 36 (1), 39 (1), 41 (2), 42 (1), Стикс (1), Кенжеколь ЖОМ (1), сонымен қатар 28 лауреат марапатталды.

Бастауыш сынып оқушыларының 96 жобаның ішінде 15 жоба ең үздік саналып І дәрижедегі дипломмен марапатталды: № 39 ЖОМ 3-сынып оқушысы Балашов Кириллдің «Өткен өмірдің қазіргі өмірге әсері» жобасы, № 16 ЖОМ 4 сынып оқушысы Золотонош Дарьяның «Фотосуреттегі өмір», 42 ЖОМ  4 сынып оқушысы Бейсен Амирханның «Олардың есімдерін немерелері мақтаныш етеді», ЖОМ № 21 2 сынып оқушысы Захаров Богданның «Үй жағдайында кондиционер дайындау», № 5 ЖОМ 4 сынып оқушысы Великий Максимның «Театр гаджеттерге қарсы», № 16 ЖОМ 2 сынып оқушысы Ахметова Камиланың «Ботқа-біздің денсаулығымыз» , № 2 ЖОМ 3 сынып оқушысы Базарбек Бекарыстың «Лимон жемісінің пайдасы», № 19 ЖОМ 2 сынып оқушысы Бақытбай Алимжанның адам мен жануарлар,өсімдіктер байланысы туралы  «Бидай дақылын әртүрлі су түрлерімен суару әдістері», №33 ЖОМ  2 сынып оқушысы Уразбекова Даянаның «Отандық шырындардың пайдасы », № 16  ЖОМ 2 сынып оқушысы  Бабаева Каринаның «Фоамиранның ертегі кейіпкерлерінде қонақта», ЖОМ №36 1 сынып оқушысы Шкалей Алинаның «Фужерден балауызға арналған ыдыс дайындау», № 16 ЖОМ 4-сынып оқушысы Бортник Алинаның «Мектепке дейінгі  оқушыларға арналған кітап шығару», № 2 ЖОМ 2 сынып оқушысы Марден Алинураның «Фаст фудтың ағзаға әсері», №11 ЖОМ 4 сынып оқушысы Боржомбаев Болатханның «Көнерген сөздер».

Байқаудың барлық қатысушылары мадақтамалармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларды сараптауға және қазылар алқасының жұмысына  жоғары оқу орындар мен колледждердің профессорлық-оқытушылық құрамы тартылды: Иновациялық Еуразиялық университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Павлодар педагогикалық колледжі, білім беру бөлімінің мамандары.