Минск қаласындағы «Новые вершины» халықаралық фестиваль-конкурсына Белоруссия, Украина, Ресей, Қазақстан, Польша, Египеттен 4000 оқушы қатысып, олардың қатарында Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінен Полина Петрова Қазақстанның намысын қорғады. Конкурс 2017 жылғы 28 наурыз-3 сәуір аралығында өтті.
Полина үш музыкалық номинацияда өнер көрсетті: 10 - 12 жас ерекшеліктегі академиялық вокал, эстрадалық вокал және ұлттық вокал. Академиялық және ұлттық вокал - І орын, эстрадалық вокал - ІІ орын. Оның орындауында И.Дунаевскийдің «Вольный ветер» опереттасындағы «Песенка Пепиты» туындысы, Джованни Паизиелло «Nel cor piu non mi sento» ескі ариясы, «Гармошечка-говорушечка» орыс халық әні, Е.Хавтанның «Ленинградский рок-н-ролл» туындылары шырқалды. «Гала-концертте, марапаттау өтіп жатқанда Полинаның сахнаға шығып, барлық вокал жанрында марапат алғанына барлығы таң қалды», - дейді педагогы Олеся Николаевна Скорикова. Полина 11 жаста, № 17 ЖОМ-да оқиды, бірақ бұл оның бірінші халықаралық конкурсы емес. Бұған дейін Чебоксары қаласында «На крыльях таланта» халықаралық конкурсында І орын иеленіп, лауреат атанды, Мәскеу қаласындағы «Поклонимся великим тем годам» интернет-конкурсында III-орын, Абхазия Пицунда қаласында «Когда мы вместе» конкурс-фестивалінде II-орын, Барнаул қаласындағы «Сибирские беседы» және «Синяя птица» конкурс-фестивалінде III-орын алған.
Қазылар алқасының өкілдері жылы лебіздерін айтып, педагог Олеся Николаевна Скорикова және концертмейстер Ирина Борисовна Петроваға алғыстарын білдірді.