ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақ тілі мен әдебиетінен облыстық олимпиаданың қорытындысы
06-04-2017 11:55
Қазақ тілі мен әдебиетінен облыстық олимпиаданың қорытындысы

Қазақ тілі мен әдебиетінен Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде І дәрежелі дипломмен № 38 негізгі мектептің 9-сынып оқушысы Амантай Айгүл, ІІІ дәрежелі дипломмен № 35 ЖОМ 10-сынып оқушысы Жылқыбай Шыңғыс марапатталды.

Айгүл олимпиадаларғадайындығын 5-сыныптан бастаған. Нәтижесінде қазақ тілінен қалалық олимпиадада ІІ орынды (2015 жыл), облыстық пәндер олимпиадасында І орынды иеленді (2016 жыл). Болашақта өз мамандығын қазақ тілімен байланыстыруды армандайды. Бос уақытында кітап оқығанды жақсы көреді. Шыңғыстың бойында ақындық қабылеттері бар. 3 сыныптан бастап қалалық Абай оқуларының жеңімпазы мен жүлдегері (2010 жыл, I орын, 2011 жыл, II орын, 2017 жылы, I орын), Өтеміс оқуларында 2012 жылы III орынға иеленді, «Менің анамның келбеті» атты қалалық шығармашылық сайысында 2016 жылы I орын, қазақ тілі мен әдебиет пәнінен қалалық олимпиадада 2016 жылы III орын, «Бала би» атты шешендік шеберлік облыстық сайысында 2016 жылы I орын, «Жарқын болашақ» атты облыстық олимпиадада 2017 жылы II орын. Спорттық жетістіктері бар, Панкратион және джиу-джитсудың республикалық пен аймақтық спорт турнирларының жеңімпазы.

Олимпиада Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде 2017 жылғы 4 сәуір күні 2 кезеңде: І кезең - эссе, ІІ кезеңде -  ауызша өтті. Мемлекеттік тілде оқытылатын 45 жалпы орта білім беру мектептері мен мамандандырылған мектептердің оқушылары қатысты. 2017 жылғы сәуір айында Өскемен қаласында өтетін республикалық олимпиадада облыстық кезеңде І, ІІ орындарды иеленген 12 оқушы қатысады.