ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Дойбы бойынша Қазақстан чемпионатынан қола медалі
07-04-2017 03:25
Дойбы бойынша Қазақстан чемпионатынан қола медалі

Павлодар қаласы № 41 дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы ЖОМ 8 сынып оқушысы Шмидт Алина ІІІ орынға ие болып және орыс дойбы бойынша Қазақстан чемпионатында қола медалінің иегері атанды. Алина 17 жасқа дейінгі юниор ұлдар мен юниор қыздар санатындағы жас аралығындағы классикалық нұсқасында өнерін көрсетті. Дойбымен 10 жасынан бастап Шахмат үйінде шұғылданады, 2016 жылы Өскемен қаласында өткен Қазақстан Чемпионатының жеңімпазы мен қатысушысы болды. Ол өз замандастарының арасында дойбы бойынша спорт шеберінің үміткері болып табылады. Алинаның еңшесінде 16 медаль мен 50-ден астам мадақтамалары бар. Дойбыдан басқа үлкен тенниспен және жүзумен шұғылданады.

Чемпионат 2017 жылғы 20 - 31 наурыз аралығында Алматы облысы Қаскелен қаласында өтті.  Жарыс, дойбының халықаралық (орыс) нұсқасы-64, үш бағдарламасы: классикалық, тез және жылдам бойынша: ерлер, әйелдер, 20, 17, 14 жас аралығындағы юниор ұлдар мен юниор қыздар, боз балалар және бойжеткендер арасында өткізілді. Модератор ретінде, Халықаралық дойбы федерациясы IDF эгидосымен Азиая дойбы конфедерациясы шықты.