ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Білімпаздар Абай туралы өз білімдерін нақтылады
07-04-2017 11:33
Білімпаздар Абай туралы өз білімдерін нақтылады

ХVІІІ облыстық «Абай оқулары» байқауына Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектептерінен қалалық оқуларының үш жеңімпазы қатысып, барлығы жүлделі орындарды иеленді.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясында І дәрежелі дипломды – Павлодар қаласы № 25 ЖОМ 8-сынып оқушысы Тусупбекова Дамира, «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломға – Павлодар қаласы № 37 ЖОМ 8-сынып оқушысы Сушенова Томирис, «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясында ІІІ дәрежелі дипломымен Павлодар қаласы № 38 ЖОМ 7-сынып оқушысы Дауан Бахберген ие болды.

Дамира байқауға өзі шығарған «Абайға арнау», «Көктем, мен сенімен егізбін» атты мазмұндылығы, композициялық құрылысы, ұйқасымен ерекшеленетін өлеңдерін ұсынды. 10 жасынан өлең шығарумен айналысады, әр түрлі тақырыпқа жазылған 15-ке жуық өлеңі бар. Томирис байқауда Абайдың «Есіңде бар ма жас күнің» атты әнін орындады, қазіргі уақытта «Балауса» шығармашылық байқауына дайындық үстінде. Бақберген ұлы Абайдың «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі», «Қодардың өлімі» поэмаларын жатқа айтып қоймай, өзінің шығармашылық тұлғасын, актерлік талантын көрсете білді. Бүгінгі таңда ол 80 өлең, 4 поэманы жатқа біледі. Конкурс жеңімпаздары 2017 жылғы қыркүйек айында ақынның елінде өтетін ХVІІІ республикалық Абай оқуларына қатысады.

«Ұстаздық еткен жалықпас» номинациясы жеңімпаздарды дайындаған Павлодар қаласының мұғалімдері № 25 ЖОМ Жангабулова Назира Ергалиевна, № 37 ЖОМ, Исакова Гаухар Абдикешовға табысталды.

Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған  облыстық көп салалы лицей-интернатында 2017 жылғы 6 сәуір күні өткізілген байқауға облысымыздың жалпы орта білім беру және мамандандырылған мектептерінен 52 оқушы қатысты.