ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық зияткерлік марафонының жеңімпаздары
10-04-2017 04:01
Облыстық зияткерлік марафонының жеңімпаздары

«Білім жолы» республикалық зияткерлік марафонының қорытындысы бойынша «Жас қырандар» номинациясы  Павлодар қаласы № 120 балабақшасының «Ақ Отау» командасы, «Ақылды балапандар» номинациясында № 5 балабақшасының  «Сұңқарлар» командасы, «Умники и умницы» номинациясында  № 104 балабақшаның  «Лидеры» командасы, «Жас толқын» номинациясы  № 121 балабақшаның  «Эрудиты» командасы, «Ел мақтанышы» номинациясы бойынша Павлодар қаласы № 37 ЖОМ-нің «Болашақ» командасы марапатталды. Барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан  сертификаттар, жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Марафон Павлодар қаласы № 37 ЖОМ 2017 жылғы 7 сәуір күні өтті. Марафонға мектепке дейінгі мекемелерінің дайындық топ тәрбиеленушілерінен, жалпы орта білім беру, мектеп-интернаты инклюзивтік топтарының оқушыларынан құралған 11 команда ішінде 85 тәрбиеленуші қатысты.  Мақсаты - оқушылардың таным белсенділігін қолдау және дамыту, балалардың шығармашылық қабілетін айқындау.

Марафон ұйымдастырушылары: «Асыл бала» республикалық ассоциациясы, «КАДО» мектепке дейінгі мекемелердің қазақстандық ассоциациясы, «UCMAS KAZAKHSTAN»  менталдық арифметика халықаралық  орталығы, «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.