«Білім жолы» республикалық зияткерлік марафонының қорытындысы бойынша «Жас қырандар» номинациясы Павлодар қаласы № 120 балабақшасының «Ақ Отау» командасы, «Ақылды балапандар» номинациясында № 5 балабақшасының «Сұңқарлар» командасы, «Умники и умницы» номинациясында № 104 балабақшаның «Лидеры» командасы, «Жас толқын» номинациясы № 121 балабақшаның «Эрудиты» командасы, «Ел мақтанышы» номинациясы бойынша Павлодар қаласы № 37 ЖОМ-нің «Болашақ» командасы марапатталды. Барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан сертификаттар, жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.
Марафон Павлодар қаласы № 37 ЖОМ 2017 жылғы 7 сәуір күні өтті. Марафонға мектепке дейінгі мекемелерінің дайындық топ тәрбиеленушілерінен, жалпы орта білім беру, мектеп-интернаты инклюзивтік топтарының оқушыларынан құралған 11 команда ішінде 85 тәрбиеленуші қатысты. Мақсаты - оқушылардың таным белсенділігін қолдау және дамыту, балалардың шығармашылық қабілетін айқындау.
Марафон ұйымдастырушылары: «Асыл бала» республикалық ассоциациясы, «КАДО» мектепке дейінгі мекемелердің қазақстандық ассоциациясы, «UCMAS KAZAKHSTAN» менталдық арифметика халықаралық орталығы, «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.