ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бастауышсынып мұғалімдерінің кеңес беру сағаты
11-04-2017 03:51
Бастауышсынып мұғалімдерінің кеңес беру сағаты

2017 жылдың 7 сәуірінде Павлодар қаласының білім беру ұйымымен Қамал Мақпалеев атындағы № 4 ЖОМ «Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде критериалды бағалауды еңгізу» кеңес беру сағаты өтті. 33 мектеп координаторлары мен 1-сыныптарда жұмыс атқаратынқазақ және орыс тілінде оқитын 65 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушылары И. И. Айдарханова, Б. Ж. Нығметова, педагогика ғылымдарының кандидаты, критериалды бағалау моделін еңгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру сұрақтарына тоқталды, ұсыныстар берілді. Құрылымдық әңгімелесу бағалау жүйесіне тоқталып, мектеп құжаттамасын жүргізу, 1-сыныптарда электрондық және сынып журналдарын толтыру мен қорытынды бағасын қою, оқушы портфолиосының мазмұны, содержания портфолия учащихся, формативтік және жиынтық тапсырмалар мен оларды өткізу кезеңділігі талқыланды. Қатысушылар сұрақтарына жауап беріліп, критериалды бағалауды жүргізу барысында туындайтын мәселелерге қосымша кеңес берілді, олардың шешу жолдары ұсынылды.

Білім беру мазмұнын жаңарту тұрақты оқыту мен әдістемелік сүйемелдеуді талап етеді. Кезекті семинар-практикум мамыр айында 1 сыныпта ағылшын және қазақ тілдері, дене шынықтыру, көркемөнер еңбегі, өзін-өзі тану, ән-күй, математика, сауат ашу пәндері бойынша сабақ жүргізетін мектеп мұғалімдерімен директорларының орынбасарларынаөтеді деп жоспарлануда.