ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп хореографиялық ансамблінің Астанадағы үшінші орны
12-04-2017 10:29
Мектеп хореографиялық ансамблінің Астанадағы үшінші орны

Халықаралық эстрада вокалы және «ЖасStar» хореография конкурсының қорытындысы бойынша «Однажды в огороде» биімен Павлодар қаласының № 36 ЖОМ «Ручеек» хореографиялық ансамблі III орынды иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. «Ручеек» би ұжымының құрамында 18 бірінші сынып оқушылары болды. Ұжым жетекшісі бірінші санатты хореограф, Олеся Александровна Мельнова болып табылады. 2016 жылғы желтоқсан айында республикалық «Би бала» хореографиялық конкурсында «Ручеек» хореографиялық ансамблі III жүлделі орынға ие болды. Конкурста «Однажды в огороде» биімен шықты.

Конкурс 2017 жылдың 8 сәуір күні Астана қаласында өтті. Хореографиялық конкурсқа Қазақстанның барлық аймағынан 58 би ансамблі қатысты. Конкурс мақсаты - Қазақстанның дарынды балалары арасында конкурсты ұйымдастыру және өткізу, жаңа есімдерді, жаңа шығармашылық форматтарды анықтау, дарынды балаларды біріктіру, вокалдық-эстрадалық өнер мен хореография педагогтары арасында тәжірибемен алмасу, шығармашылықтағы жаңа бағыттарды іздеу. Конкурс ұйымдастырушысы «ARUZHAN PRODUCTION» продюсерлік Орталығы болды. Хореография бойынша конкурстың бас төрешісі ретінде Қазақстан Республикасы мәдениетінің еңбек сіңірген қайраткері, Астана қаласының «НАЗ» Мемлекеттік би театрының көркемдік жетекшісі Қадиша Ермекбаевна Агимбаева шақырылды.