ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бас жүлдені № 22, 33, 35 мектеп оқушылары иеленді
13-04-2017 03:57
Бас жүлдені № 22, 33, 35 мектеп оқушылары иеленді

Павлодар қаласы білім беру бөлімі 2017 жылғы 11 сәуір күні № 37 ЖОМ қала оқушыларының арасында VІІІ Махамбет Өтемісұлы оқуларын өткізді. Мақсаты - қазақтың батыр да тарлан ақыны - Махамбет Өтемісұлы шығармашылығын оқушылар арасында кеңінен насихаттау, ақын шығармалары негізінде өскелең жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу, оқуға қатысушы оқушылардың орындаушылық шеберлігін жетілдіріп олардың өнерінің шыңдала түсуіне сахналық мәдениетін көтеруге арқау болу. Оқуға № 1, 2, 4, 5, 6, 7, 9, 11, 12, 13, 14, 17, 18,19, 20, 21, 22, 25, 26, 27, 30, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, Кенжекөл, Жетекші,   ЖОМ 66 оқушы қатысты.

Оқудың қорытындысы бойынша «Мен - Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын» мәнерлеп оқу  аталымында бас жүлдеге № 33 ЖОМ 6-сынып оқушысы Совет Нұргелді ие болды, І орынға - № 22 ЖОМ 7-сынып оқушысы Асқарұлы Алмат, ІІ орындарды - № 25 ЖОМ 5-сынып оқушысы Ғаллем Қайсар, 8-сынып оқушысы Қуандық Рахат және № 21 ЖОМ 9-сынып оқушысы Молдатай Жастілек, ІІІ орындарды - № 17 ЖОМ 8-сынып оқушысы Тоқай Асаналі, № 32 ЖОМ 9-сынып оқушысы Жұманазар Нұрлыбек, № 36 ЖОМ 8-сынып оқушысы Дерюга Маргарита және КОМ 5-сынып оқушысы Жанат Ислам алды.

«Ұлы арман» - Махамбет Өтемісұлы күйлерiн орындаушылар сайысы аталымы бойынша бас жүлдеге № 25 ЖОМ 9-сынып оқушысы Сайдағали Анель ие болды. І орынды- № 22 ЖОМ 9-сынып оқушысы Айдарғазин Ильяс, ІІ орынды - № 25 ЖОМ 9-сынып оқушысы Жаркумбаева Анель және № 37 ЖОМ 11-сынып оқушысы Садыков Олжас бөлісті. Анель 2014 жылдан бері Махамбет оқуларына қатысады, Тәттімбет, Құрманғазы күйлерін ойнайды. Тілдер мектебінде қытай, кәріс тілдерін үйренуде. Болашақта халықаралық байланыс бойынша жұмыс жасауды жоспарлауда.

Жас ақындар, дарындар сайысы «Тартынбай сөйлер асылмын...» аталымы бойынша бас жүлдеге № 35 ЖОМ 10-сынып оқушысы Жылқыбай Шыңғыс ие болды. І орынды - № 25 ЖОМ 9-сынып оқушысы Бауыржанова Гүлнар, ІІ орынды - № 12, 19 мектеп оқушылары Кәрібай Нұрбек пен Бауыржанқызы Жанель өзара бөлісті. ІІІ орынды - №17, 37 мектеп оқушылары Аубакирова Бинұр мен Сайранова Сабина иеленді. Сайыстың жеңімпазы Шыңғыстың айтуынша, Махамбеттің өлеңдерінде көтерілген мәселелердің бірқатары қазір де өзекті. Бірлік, әділдік үшін күрес, туған жерге деген сүйіспеншілік жалынды жырларға арқау болған. Егер кейінгі ұрпақтың қайратты, батыл, Отанына шын берілген азаматтар болсын десек, осындай оқуларға қатыстыру керек.

         Үш жеңімпазымыз Павлодар қаласының мектептері атынана облыстық оқуларға қатысады.