ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Алғашқы әскери жетекшіні еске алуға арналған әскери-спорттық оқушылар эстафетасы
14-04-2017 08:34
Алғашқы әскери жетекшіні еске алуға арналған әскери-спорттық оқушылар эстафетасы

2017 жылғы 12 сәуір күні № 33 ЖОМ-де Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25-жылдығына және Ұлы Отан соғысының 72-жылдығына арналған оқушылар  арасында  «Асау жүрек» эстафетасы өткізілді . Алғашқы әскери жетекшісі Сағадат Сыздықұлы Таскаринді еске алуға арналған спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша дәстүрлі «Асау жүрек» эстафетасы өткізілді. Мақсаты - қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, туған жеріне деген парыз бен махаббат сезімін, Отанына деген сүйіспеншілігін дамыту, жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру.

Іс-шараға 1, 4, 6,7, 12, 13, 14, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 25, 28, 30, 33, 35, 37, 39, 40, 42, Кенжекөл, Жетекші орта мектептерінен 8 - 10 сыныптың 100-ден аса оқушысы қатысты. Эстафета бағдарламасы жеті кезеңді қамтыды: әскери кросс, командалар презентациясы, АК-74 шашу және жинау, дүкен қару-жарағы, ИЖ-38 қаруынан ату, тартылу және қолды бүгу, автоматтан (лазертаг) ату.

Оқушылар сайыстың әр кезеңінде мектептегі алғашқы дайындық сабақтарында алған спорттағы алғырлықтарын, білімдері мен қабілеттерін көрсетті.  Жарыс қорытындсы бойынша ұлдар арасындағы тартылуда № 16 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Измайлов Игорь, қыздар арасындағы қолды бүгу жарысында № 1 ЖОМ-ң 8 сынып оқушысы Лопатина Нина,  № 29 ЖОМ-ң 10 сынып оқушысы Глебов Валерий ату жарысында үздік нәтиже көрсетті.  Жалпы командалық есепте І орынды Кенжекөл орта мектебі, ІІ орын - № 16 мектеп-лицейінің командасы, III орын - № 33 ЖОМ командасы иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мадақтамаларымен марапатталды. Эстафетаның өткізілуіне Сағадат Сыздықұлының балалар мен немерелері ықпал етті.