ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық мектептер сыйлыққа спорт мүкәммалдарының жиынтығын алды
14-04-2017 11:49
Павлодарлық мектептер сыйлыққа спорт мүкәммалдарының жиынтығын алды

Балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, көшбасшылық дағдыларды дамыту, сондай-ақ мектептердің жаңа стандарттар мен технологияларға сәйкес спорт мүкәммалдарын сапалы жаңарту мақсатында Павлодар облысы әкімдігінің қолдауымен «Самұрық-Қазына» АҚ компаниясы тобы және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры орта білім беру ұйымдары арасында  «Биіктерге бірге!» конкурсын өткізді.

Конкурсқа шығармашылық бейнероликтер форматында материалдар ұсынған облыстың 102 мектебі қатысты.

«Менің елім» - «Самұрық-Қазына» АҚ компаниясы тобының қатысуымен аймақтарда әлеуметтік инвестициялар бағдарламалары шеңберінде «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 70-тен аса ауқымды, қызықты және креативті спорттық жобаларды анықтады.

Павлодар қаласының № 37 ЖОМ 2017 жылғы 14 сәуірде «Биіктерге бірге!» конкурсының үздік спорттық жоба жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Конкурс ұйымдастырушыларынан шығармашылық бейнероликтер ұсынған 70 жеңімпаз мектеп сыйлыққа спорт мүкәммалдары мен оларды пайдалану бойынша әдістемелік құралдар алады, олар конкурстың сайтында жарияланатын болады.

Іс-шараға Павлодар облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Мейрам Мұхаметрахымұлы Бегентаев, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басқарушы директоры Лима Диас, еншілес және тәуелді ұйымдар (ЕТҰ) өкілдері, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниясының тобы, сондай-ақ Павлодар облысының жетекші спортшылары Анна Шевченко - 28-ші дүниежүзілік қысқы универсиаданың чемпионы (шаңғы жарысы), Антон Пантов, Дарья Усанова - XXVIII қысқы олимпиада ойындарының қатысушылары (биатлон), Арина Пантова - II  ер балалардың қысқы олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (биатлон).

Павлодар қаласының № 1 балалар-жасөспірімдер мектебінің тәрбиеленушілерінің көркемдік гимнастика және спорт акробатикасы бойынша республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, М. Катаев атындағы оқушылар сарайының «Анастасия» спорттық би клубының республикалық және халықаралық конкурстарының бірнеше дүркін жеңімпаздары мен Павлодар қаласының «Қайсар» балалар-жастар спорт клубының каратэ бойынша командалар өнерлерін көрсетті.