Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагог жетістіктерінің байқауы
17-04-2017 09:46
Педагог жетістіктерінің байқауы

2017 жылдың 14 сәуірінде Павлодар қаласының әдістемелік кабинеті  «Үздік педагог» республикалық конкурсының қалалық кезеңін өткізді. Конкурстың негізгі мақсаты мен міндеттері – балаларды оқыту мен тәрбиелеуде мүмкіндіктерді жетілдіре отырып дамыту, дәстүрлі емес педагогикалық идеяларды іздестіретін, кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және ынталандыру. Конкурсқа 20 педагог қатысты, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиеші және 14 мектептің 19 мұғалімі.

Сараптама комиссия мүшелерінің шығарған қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Бас жүлде иегері Светлана Николаевна Барвих № 28 ЖОМ география мұғалімі, І орын Меруерт Әсетқызы Теміржанова № 25 ЖОМ қазақ тілі мұғалімі  және  Алина Генриховна Терешкина № 29 балабақша тәрбиешісі, ІІ орын  Жанара Жұмағұлқызы Жақсылыкова № 16 лицей - мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, ІІІ орын иегерлері Алмаз Сансызбайұлы Серикбаев № 19 ЖОМ информатика мұғалімі және Наталья Сергеевна Остапенко №29 ЖОМ орыс тілі мұғалімі. Сайыс лауреаттары  Марат Омарұлы Жакупов №17 ЖОМ география мұғалімі, Жанара Марсовна Тастенова, Елена Анатольевна Майлакова № 29, 39 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімдері, Александра Игорьевна Турий - Ладыко «Стикс» мектебінің ағылшын тілі мұғалімі, Құралай Ғазизқызы Абылғазинова № 22 ЖОМ қазақ тілі мұғалімі. С. Н. Барвих «Педагогикалық бастамалар - 2016»  республикалық конкурсының  ІІ орын иегері, оның тәжірибесі қала, облыс, республика  деңгейінде жалпыланды, А. Г. Терешкина «Балаларға берілген жүрек» мектепке дейінгі мекемелер педагогтерінің І қазақстандық слётінің жүлдегері, вариативті бағдарламалар облыстық конкурстың жеңімпазы.

«Конкурстың жеңімпаздары «Үздік педагог» республикалық сайыстың  облыстық кезеңіне қатысады. Үздік педагог» конкурсы жыл сайын Педагогтің жеке жетістіктерін қарау ғана емес, қаланың  білім жүйесінің жетістіктерін бағалау, - дейді Шолпан Сәменқызы Нұрахметова  әдістемелік кабинет меңгерушісі