ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалардың дауыстарының үндесуі
18-04-2017 09:41
Балалардың дауыстарының үндесуі

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің оқушылары Шахимардан Қайдарұлы Әбіловтің сыйлығына аймақаралық вокал конкурсына қатысты. «Эстрадалық вокал» номинациясында «Қазақ елі осындай», «Нарисуй свой мир», «Мы дотянемся до звезд», «Бір үйдің баласындай»  әндерді сауаттылығы, орындау мәнерлігі үшін III-ші орынды Усина Нурай, Жунусова Аделя, Рудик Яна, педагогы Ксения Владимировна Миронец, «Төлғау» әнді эмоционалды орындағаны үшін - Әубәкір Адина иеленді, педагогы Айнұр Өміржанқызы Ошанова. Конкурстың жабылу салтанатында жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, кубок және есетелік сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараның соңында дөңгелек үстел өткізілді.

Конкурс 2017 жылғы 15 - 16 сәуірде Шарбақты ауданында өтті. Конкурсқа облыстың балалар музыка және өнер мектептерінен және Ресейдің Алтай өлкесінің шекаралық аудандарынан 70-тен аса талантты оқушы қатысты. Конкурсқа қатысушының әрқайсысы екі түрлі сипаттағы шығарманы орындады. Конкурсқа қатысушылардың өнерлері, музыкасы, шығарманы көркем түсіндіру; интонациясының тазалығы және шыққан әуеннің сапасын, тембр әдемілігі мен дауыс күшін Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген әртісі, мемлекет сыйлығының лауреаты, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисті, халықаралық академияның академигі, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваторияның профессоры Ш. Қ. Әбіловтің басшылығымен бағаланды.