2017 жылғы 21 сәуірде сағат 10.00-де «Достық» мәдениет үйінің концерт залында (Торайғыров көшесі, 48) Павлодар қаласының білім беру бөлімімен XIII қалалық «Рауан» балалар мектепке дейінгі шығармашылығының гала-концерті өткізіледі.
Гала-концертке қаланың 31 мектепке дейінгі ұйымдарынан 300 астам бала, 34 балалар шығармашылығының ұжымдары қатысады. Гала-концерттің қатысушылары фестивальдің екі іріктеу турының жеңімпаздары мен лауреаттары. Гала-концерт бағдарламасында: хореографиялық қойылымдар, вокалдық номерлер, мектепке дейінгі мекемелер балаларының қатысуымен көркемдеп оқу.
Конкурстың мақсаты - мектеп жасына дейінгі балаларды эстетикалық тәрбиелеу бойынша жұмысты белсендету, жас өнерлі балаларды анықтау, балалар мектепке дейінгі ұйымдарында көркем өнерді дамыту.
Бірінші іріктеу кезеңінде 75 мектепке дейінгі мекемелерден 500-ге жуық бала, екінші кезеңінде 400-ден астам бірінші кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі