Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Науқас балаларға көмек көрсету
19-04-2017 04:12
Науқас балаларға көмек көрсету

Павлодар қаласы орта білім беру мектептерінің оқушылары ата-аналарымен, мұғалімдерімен  бірлесіп, Павлодар қаласының мейірімділер клубы еркінділерінің қайырымдылық науқанын қолдады. Пластикалық бөтелке қақпағын жинау науқаны 2017 жылдың 6 ақпанынан басталды. Акцияның мақсаты - қайта өңдеуден өтетін қақпақ жинау, олардан жиналған ақша ауру баланың жеке есеп шотына аударылады. Ұраны: «Қақпақ көп болған сайын,ауру бала азаяды!».

Қайырымды науқанды бірінші болып ата-аналар қолдап, № 17 ЖОМ оқушылары мен ата-аналар қоғамдастығы қақпақты белсенді тапсыра бастады. № 24 ЖОМ оқушылары сынып бойынша мониторинг өткізіп, күн сайын ақпараттық қабырғаға орналастырып отырды. Мектеп оқушыларында салауатты жарыс рухы пайда болып, 6 күнде 15780 қақпақ жиналды, салмағы 38 кг болды.

Науқан қорытындысы бойынша белсенді сыныптарды мектеп жиынында атап өтеді, ал ең белсенді оқушылар волонтерлермен марапатталады. Науқан жалғасуда.