Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақстан Республикасы Сенат депутаттары қала мектептеріне барды
19-04-2017 11:25
Қазақстан Республикасы Сенат депутаттары қала мектептеріне барды

2017 жылғы 17 - 18 сәуірде Қазақстан Республикасы Сенат депутаттары жұмыс бабымен Павлодар қаласы № 16, 22, 25, 37, 38, 39, 40, 41 мектептері мен балалар техникалық мектебіне барды. Депутаттар білім беру мазмұндылығының жаңарту мен ендіру сұрақтарымен танысты, мектептердегі білім беру мазмұнын жаңартуды енгізу, оқу-тәрбие жұмысының жағдайын, оқу-материалдық базасын, мектептегі жұмысты әрі қарай жетілдіру бойынша жобалардың іске асуының, педагогикалық құрамы іс-әрекетінің сапалық жағдайын қарастырды.

№ 37 ЖОМ-да Сенат депутаты Жабыл Е. Е. робототехника кабинетінде  роботтарды құрастыру бойынша тәжірибелік сабаққа, мультимедиялық кабинетте - ActiveInspire бағдарламасын қолданған, ондағы 1-сыныптың оқушылары компьютерлік сауаттылықты меңгергені бойынша білу және қолдану әрекетін көрсеткен ағылшын тілі мұғалімнің сабағына қатысты. 2-сыныпта  7 модульге негізделген С. С. Адамбаеваның Кембридж бағдарламасы бойынша  оқытуға негізделген орыс тілі «Сөз таптары» сабағына кірді. 9-сыныпта терминдерді ағылшын тілінде қолданылып сабақ өткізілді. Шахмат кабинетінде мектеп оқушылары арасында   шахмат бойынша турнир өткізілді. Өмірге «Мәңгілік ел» Қазақстан стратегиясын енгізу бойынша 7-сыныпта «Рухани жаңғыру» бағдарламаның идеясы көрсетілген сынып сағаты өткізілген болатын. Қонақтарға хор, вокал, домбыра үйірмелерінің жұмыстары ұсынылды. Ж. Е. Ерғалиев өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне ерекше көңіл бөлді, оқу-тәрбие жұмысының жағдайы үшін мектептің педагогикалық ұжымына алғысын білдірді.

№ 41 дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы ЖОМ-да Қазақстан Республикасы Парламенті Сенат депутаттары В. Н. Редкокашин, Ж. Е. Ерғалиев, А. А. Бектаев материалдық-техникалық базамен танысып, арнайы медициналық тобы залында «Кіші мектеп жастағы балалардың майтабаңдылығын алдын алу бойынша» тәжірибелік сабағына, үлкен хауызда - жүзу бойынша мектептің құрама командасының жаттықтыруына, кіші хауызда - бастауыш мектеп оқушылары арасында емдік жүзу бойынша секциялық сабаққа қатысты, фитобарға - шөптік шайлардың презентациясына, робототехника кабинетінде - «Знап» модельін жинақтау бойынша шағын-жобасына, шахмат кабинетінде - «Мат двумя ладьями» турниріне, спорт залында - «Самрұқ қазына» спорт жабдықтардың қолдануымен көңілді старттарға, мәжіліс залда - «Біз СӨС таңдаймыз» атты мектептің насихаттау тобының  көрінісін, биология кабинетінде - ғылыми жобаны қорғау бойынша мектептің ғылыми «Эрудит» қоғамның отырысын кіріп тамашалады.

22 ЖОМ-да Қазақстан Республикасы Парламенті Сенат депутаттары Т. Т. Мұқашев және Н. Н.Қылышбаев, № 38 ЖОМ-да Сенат депутаты В. Н. Редкокашин мектептің оқу-материалдық базасы жағдайын бақылап, оқу кабинеттерін, кітапхана, асхана, спорт, мәжіліс залдарын қарап шығып, оқушылар мен ұстаздармен әңгімелесті. № 22 ЖОМ-да Әскери Даңқ мұражайына барды.

№ 25 ЖОМ-да педагогикалық қоғамдастықпен кездесуден бұрын Бірғаным Айтымова мен білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенат өкілдеріне мектеп бойынша саяхат ұйымдастырылып, шахмат кабинеттері, робототехника, информатика, спорт залдар көрсетілді.

Педагогтармен кездесуде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңарту» бағдарламалық мақаласының негізгі ережесіне баса назар аударылды. Елбасының алға қойған мақсаттарының жүзеге асып жатқанын көріп отырғандары туралы айтты. Ұлттық сананы қалыптастырудың жаңа негіздері, қазақ тіліне латын графикасының енгізілуі және 100 әлемдік ең үздік оқулықтардың қазақ тіліне аударылуы туралы сөз қозғалды.

Сенаторлардың сапарының қорытындысы 19 сәуір Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым Комитеті отырысынды қарастырылды.