ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бірінші музыкалық жастардың асқан шеберлігі
20-04-2017 03:40
Бірінші музыкалық жастардың асқан шеберлігі

IV халықаралық «Pianostile» пианистер конкурсына 2 - 3 жас ерекшелік категориясындағы Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің үш оқушысы қатысты.

2-ші жас ерекшелік категориясында ІІІ орынды 3-сынып оқушысы Алтынай Хусаинова иеленді (педагогы С.С. Камкина). Конкурста ол И.С. Баха, Ф. Кулау, К. Черни және Б. Қадырбекованың шығармаларын орындады. 3-ші жас ерекшелік категориясында  ІІ орынды 7-сынып оқушысы Куршакова Ирина (педагогы М. Б. Зверева) және ІІІ орынды 7-сынып оқушысы Рудишева Диана иеленді. Конкурста олар И.С. Баха, В. Моцарт, Л. Бетховен, Ф. Шопен, Р. Шуман және Қазақстан композиторларының шығармаларын орындады. Болашақта қатысушылар жоғары музыкалық білім алуды жоспарлайды.

Қазылар алқасының төрағасы Павел Шатский наградаларды тапсыру кезінде: «Кез келген конкурсқа қатысу, дегенмен де халықаралық конкурс музыканттан үлкен күшті, ұзақ дайындықты және сахнада өзін-өзі ұстауды талап етеді. Конкурстағы күрес ең талантты және орындаушының техникалық жағынан дайын болғандар арасында өтеді, сондықтан да қазылар алқасының дауыс беру нәтижелеріне қарамастан халықаралық конкурсқа қатысудың өзін сенімгерлікпен бекітуге болады - бұл музыканттың өз алдындағы жеңісі және шеберліктің жаңа деңгейіне көшуі» - деп атап өтті.

Конкурс 2017 жылғы 15 - 16 сәуір аралығында Астана қаласында 4 жас ерекшелік категориясы бойынша 4 турда өтті: «Рококо и барокко», «Классицизм»,  «Романтизм»,  «Импрессионизм и модерн». Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан қалаларынан 50-ден аса конкурсқа қатысушы қатысты. Конкурстың қазылар алқасының құрамында өнертану кандидаты, халықаралық пианистер конкурсының лауреаты, П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының оқытушысы, Мәскеу музыкалық қоғамының жеке орындаушысы Павел Шатский, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақ ұлттық өнер университетінің фортопиано кафедрасының доценті Лариса Викторовна Латышова, М.Абраев атындағы мамандандырылған музыка мектебінің фортопиано бөлімінің меңгерушісі, Қырғыз Республикасының мәдениет министрлігінің үздігі Эльмира Ильясовна Илипаева, Ақкөл қаласының балалар музыка мектебінің директоры, «Ы. Алтынсарин» құрмет белгісінің иегері, фортопиано сыныбы бойынша жоғары санатты оқытушы Зента Цой жұмыс жасады.