Жоғары оқу орындардың түлектері, Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледждің, музыкалық колледждің бітіруші түлектерін алдын ала орналастыру шарасына Павлодар қаласының білім беру бөлімі де қатысты. Алдын ала орналастыру ағымдағы жылғы 20 - 22 сәуір аралығында Катаев атындағы оқушылар сарайында өткізілді.
Алдын ала орналастыру бойынша Павлодар қаласының мекемелеріне Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының, Павлодар мемлекеттік университетің, Инновациялық Еуразия университетінің, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледждің, музыкалық колледждің 123 түлек орналастырылды, солардың ішінде 66 түлек жоғары оқу орындарының түлектері. Болашақ педагогтар арасында, жоғары білімді, көп тілде оқыту бағдарламасы бойынша оқығандары да бар.
Мектепке дейінгі білім беру мамандары мен орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдерінің қажеттілігіне байланысты, педагогикалық колледждің осы мамандықтағы түлектерінің 30% облыстық орталықта жұмыс істеуге қалады. Тек қана Павлодар қаласының №5 сәбилер бақшасына 6 маман жіберілді. Қалалық музыкалық мектептердің педагогтар корпусы 15 музыкантқа толықтырылады. Жыл сайын білім беру мекемелеріне 150-дей жас маман жұмысқа орналасады.