2017 жылдың 27 сәуірінде № 111 балабақшада даярлық топ балалар арасында қалалық «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық ойынының ақтық кезеңі өтті. Мақсаты –мектепке дейінгі интеллектуалдық қабілеті жоғары деңгейдегі дарынды балаларды анықтау және қолдау. Ойын үш кезеңнен тұрды. 1 - 2 кезеңге қала балабақшаларынан 30 бала қатысып, ақтық кезеңге № 2, 4, 17, 29, 42, 116 балабақшалардан 6-ы жас ғалымдары шықты.
Сайыскерлердің жас мөлшерін ескере отырып, сайыс ойын түрінде өтті. Үш раундта сайыскерлер әр түрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап беріп, әр раундта «суперблиц» қарастырылды.
Одан басқа, жас ғалымдарға арналған конверттердің біреуінде қара жәшіктің ішінде жатқан затты анықтау сұрақтары болды.
Барлық сайыскерлер өзінің жоғары ойлау қабілеттерін, сөйлеу белсенділіктерін көрсете білді. Бас жүлде «Интеллектуалдық үкі» № 29 сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі Юлия Кочневаға табысталды. Жүлдені тарту еткен дарынды балаларға арналған № 8 лицей мектебінің қазіргі 1-сынып оқушысы өткен жылғы интеллектуалдық ойын жеңімпазы Анастасия Григораш. «Ең аңғарғыш» номинациясын № 4 балабақша тәрбиеленушісі Милана Степаненко, «Ең креативті» номинациясын № 17 балабақша тәрбиеленушісі Анастасия Стамкулова, «Ең тапқыр» номинациясын № 116 балабақша тәрбиеленушісі Ратмир Дитс, «Ең амалшыл» номинациясын № 2 балабақша тәрбиеленушісі Даниил Перепелица иеленді. Ал «Көрермендер көзайымы» номинациясына № 42 балабақша тәрбиеленушісі Таисия Косенкова ие болды. Жас ғалымдар, көрермендер, ата-аналар қызықты да көңілді әсер алды.