Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың мерейтойлық жүгірісі
03-05-2017 04:09
Оқушылардың мерейтойлық жүгірісі

2017 жылғы 28 сәуір күні Павлодар қаласы № 24 ЖОМ-да Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 72-жылдығына және EXPO - 2017 халықаралық көрмесіне арналған мерейтойлық 20-жеңіл атлетика жүгірісі басталды. Жүгіріс «Павлодар - Астана - Павлодар» бағыты бойынша өткізіліп, 9 мамыр күні қаланың бас алаңында аяқталады. Жүгіріске мектеп мұғалімдері Т. С. Оспанбеков, В. С. Шибаков, М. А. Абдикаримов, мектептің 26 оқушысы және ең кішісі 4 сынып оқушысы Айзада Искакова қатысады.

Жарыстың қатысушыларын қарсы алуға қалалық білім беру бөлімінің өкілдері Галина Александровна Шиндлярская, Назымбек Жапишевич Тасыбаев келді. Спортшыларды құттықтай отыра, қонақтар аталмыш шараның тек спорттық сипаты ғана емес, сондай-ақ аймақтардың бірігуіне ықпал ететіні және өсіп келе жатқан ұрпақтың салауатты дағдыларын қалыптастыруға да септігін тигізетінін ерекше атап өтті.

Жүгірістің қатысушылары өздерінің жүру жолында футболдан, волейболдан, баскетболдан, үстел теннисінен, тоғыз құмалақтан жолдастық кездесулер ұйымдастырады. Оқушылар Даңқ ескерткішіне шір қояды, соғыс ардагерлерімен кездеседі, Қазақстанның көрікті жерлерімен танысады, жолдағы қиындықтарға төзуге үйренеді, туризм дағдыларын меңгереді.
1998 жылдан бері Баянауылдан Новосібір мен Омбыға дейін 19 жүгіріс өткізілді. Жүгірістің ұйымдастырушысы мен жаттықтырушысы дене тәрбиесі мұғалімі Турсынбек Сарсенаевич Оспанбеков болып табылады.  № 24 ЖОМ Қазақстан Республикасында осындай кең ауқымды шараны ұйымдастырып жүрген жалғыз оқу орны болып табылады.