Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Білім беру көшбасшысы - 2017» қалалық конкурсы
03-05-2017 06:28
«Білім беру көшбасшысы - 2017» қалалық конкурсы

Павлодар қаласының білім беру бөлімі "Білім беру көшбасшысы - 2017" сайысын өткізді. Сайыстың басты мақсаты - білім беру саласында озық идея мен жобаларды іске асыра алатын, ұжым жақтастарын қалыптастыра алатын, әріптестерінің, ата - аналарының, оқушылардың алдында абыройлы, құрметті бола алатын жалпы орта білім беру мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің шығармашылық бастамалары мен белсенділіктеріне қолдау көрсету.

Іріктеу турына 9 жалпы орта білім беру мектептерінен  10 басшы  қатысты. Қорғауға № 2, 16 (2), 20, 21, 25, 28 мектептерінен  7 педагог жіберілді. Әділқазы мүшелері «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ аға оқытушысы Б. Ж. Әутәліпова, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ш. С. Нұрахметова,   № 11 ЖОМ директоры О. И. Матвеева, білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы мен білім беру бөлімінің әдіскерлері Б. С. Барамбаева, Л. А. Алейник, Ж. З. Геложутдинова болды.

Сайыс жеңімпаздары: «Сапа шыңы» аталымында - Татьяна Алексеевна Мигунова, Жанара Жұмағұлқызы Жақсылықова, №16 лицей - мектебінің  директоры мен директор орынбасары, «Кәсіпқой - менеджер» аталымында - Жанара Жұмағұлқызы Жақсылықова, №16 лицей- мектебінің директор орынбасары, «Жетістік амалы» - Гаухар Қадырқызы Бабыкова, Кымбат Ерболатқызы Смағұлова, №25 ЖОМ директоры мен директор орынбасары, «Болашаққа бағытталған қадам»  - Елена  Леонидовна Чукреева, № 28 ЖОМ директор орынбасары, «Ашық әлем» - Әлия Адамқызы Қайкенова, № 21 ЖОМ директор орынбасары, «Алғашқы қадам» Ерлан Тоқтағұлұлы Марзатаев, №20 лицей-мектебінің тарих мұғалімі, Майгүл Хамитқызы Бушумбаева, Алтын Вахитқызы Естаева, Жанна Оразқызы Сәрсебаева, Райхангүл  Жұмажанқызы Намазбаева,  Әлия Шаймұратқызы Ерқасова, Айгүл Біләлқызы Әбуова, Карлыга Мұқашқызы Толыбаева, Нұрбике Геннадьевна Қайырбаева, №2 ЖОМ мұғалімдерінің шығармашылық тобы.

Жұмыс Жақсылықова Ж. Ж. жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында бастауыш сынып мұғалімінің өзін-өзі кәсіби дамыту бойынша жандандыру моделін ұсынды. Жанара Жұмағұлқызы 2016 жылы 2 республикалық педагогикалық оқулардың жеңімпазы, қалалық «Жыл мұғалімі – 2015» сайысының бас жүлдле иегері, облыстық «Жыл мұғалімі - 2016» сайысының 2 орын иегері. Оның тәжірибесі қала, облыс, республика деңгейінде жалпыланып таратылды.